21.12.2022, 09:41 42631

Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды
Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Сурет: primeminister.kz
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Онда ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды", - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.


Премьер-Министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын", - деді Премьер-Министр.


Сонымен қатар қатысушылар Комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады. 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген, оның 93-і орындалды, қалғаны орындалу сатысында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда экономиканы демонополизациялау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компанияны мемлекеттік меншікке беру процесі жүріп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны