20.07.2015, 11:28 3470

Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері Алматы-Шолпан Ата автожолын салу туралы уағдаласты

Қырғыз Республикасы үкіметініӊ басшысы Темір Сариев Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында Алматы-Шолпан Ата автожолы құрылысы мәселесін көтерді, деп хабарланған Қырғызстан Үкіметі сайтында

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Қырғыз Республикасы үкіметініӊ басшысы Темір Сариев Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында Алматы-Шолпан Ата автожолы құрылысы мәселесін көтерді, деп хабарланған Қырғызстан Үкіметі сайтында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі уақытта Алматы-Тамчы қатынасы бойынша тікелей әуе рейсі жолға қойылды, бірақ ол аз. Алматы-Шолпан Ата жоғары жылдамдықты жолын салуымыз қажет. Жол Кемин, Михайловка арқылы өтеді. Біздіӊ органдарға осы мәселені пысықтау тапсырмасын беруге болатын еді. Біздіӊ тарапымыздан Кеминге дейін (Бішкек-Нарын-Торугарт) жол салынған. Жол салу жалғастырылса, ара қашықтық небәрі 250 шақырым ғана болады. Сонда қазақстандықтар Ыстықкөлге 2,5 сағатта жете алады", - деп атап өтті Т.Сариев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға тас жол салу мәселесін жеделдетуді тапсырды.

"Меніӊ ойымша, бұл тамаша жол болады. Адамдар Қырғызстанныӊ көрікті табиғатын тамашалауы үшін сүрлеу жол арқылы жаяу жүру жағдайын тудыру мақсатында тиісті үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаластық", - деп қосты К.Мәсімов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Темір Сариев қазақстандықтарды Ыстықкөлге жиі келуге шақырды. Премьер-министр К.Мәсімов студенттік шағынан бері Ыстықкөлге енді ғана жолы түсіп отырғанын жеткізді.

"Мен Ыстықкөлге көлікпен емес, жаяу келгенмін. Хан Тәӊірі арқылы шекарадан жаяу өттім. Қырғызстан ЕАЭО-қа кіреді, бұл біздіӊ шекарамыз да ашылады деген сөз. Барлық қазақстандықтар да мен сияқты Ыстықкөлге келеді деп ойлаймын", - деп атап өтті ҚР Үкіметініӊ басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр Темір Сариев Қазақстан Үкіметініӊ басшысымен қазақстандық көмірді үздіксіз жеткізу туралы уағдаласты.

"Қазір Тоқтоғұл су қоймасында су жиналуда. Бұдан басқа, екі ел арасында электр энергиясын жеткізуге қатысты өзара тиімді келісім бар, оны орындап жатырмыз. Біз сіздіӊ вагонға қатысты тапсырма бергеніӊізді қалар едік. Энергетиктер 900 мыӊ тонна көмір жеткізуге шарт жасасты. Тасымалдау басталды, алайда кейін вагондарға қатысты мәселе туындауы мүмкін. Кестеніӊ үзілмегенін қалар едік. Біздіӊ энергетиктер алдын ала өтінім береді", - деп қосты Т.Сариев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны