23.11.2021, 19:12 37567

Книжевский су қоймасының бөгеті келесі жылы қалпына келтірілмек

Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары хабарлады.
Книжевский су қоймасының бөгеті келесі жылы қалпына келтірілмек
Сурет: ҚР ТЖМ
ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 ҚАРАША - Алматы облысы Мыңбаев ауылының жанындағы қабырғасы жырылған жасанды су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары келер жылы басталады. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары хабарлады. 
 
Екі жыл бұрын егістік алқаптарын суғару мақсатында қараусыз қалған көлді қоршау жұмысы басталған еді. Жұмыс аяқталған соң гидротехникалық құрылғы 50 процентке сумен толтырылды. Алайда көп ұзамай-ақ бөгет бұзылып, көпір құлады. Абырой болғанда, ел аман. Ауылға ешқандай қауіп жоқ, дейді жауаптылар, деп хабарлайды "Хабар 24".
 
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша дамбада жарықшақ кеше түн мезгілінде пайда болған. Жалпы бұл су қоймасының сыйымдылығы 5 млн текше метрге жуық. Қазір жасанды көл жартылай толы. Одан аққан судың болжамды көлемі – шамамен секундына 30 текше метр.
 
Су қоймасының жалпы тереңдегі – 10-12 метр. 2004 жылы дәл осы тұста бөгет тасқын судан бұзылды. Ал екі жыл бұрын қойманы қайтадан қалпына келтіру жұмсы басталған. Бірақ жұмыс сапасыз болды ма бөгет қайтадан бұзылып көпірді де шайып кетті. 
 
Су қазір Қарғалы өзенінің бойымен ағып кетіп жатыр. Одан әрі Іле ауданындағы Күрті су қоймасына құяды. Әйтеуір мал-жан аман. Тек "Мыңбаев-Қасымбек" автожолының 50 метрлік аумағын су шайған. Бұл маңда полиция көлік қозғалысын уақытша шектеген. Осы жағдайға байланысты құрамына аудандық әкімдік өкілдері, төтеншеліктер мен суға жауапты мамандар кірген арнайы штаб құрылды. 
 

Бұл көл ауыл тұрғындарына ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазір Мыңбаев пен басқа ауылдар арасындағы жол қатынасы қайта қалпына келтірілді. Ауылға берілетін газ, су, жарық, телефон желісі, барлығы қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр", - деді Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев.

 
Екі жыл бұрын су қоймасын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 454 млн теңге қаражат бөлінген. Мердігері – "Қарабұлақ халыққа тұрмыстық қызмет көрсету" серіктестігі. Нысан биыл жазда аяқталып, тапсырылған еді. Әкімдіктегілер құрылыс жұмысының сапасына байланысты кепілдік мерзімі 2 жыл дейді. Енді мамандар су қоймасына зерттеу жүргізеді. Бөгетті жөндеу жұмысы келесі жылы көктемде қолға алынуы мүмкін.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны