25.04.2022, 19:05 14791

Конституциялық Кеңес ҚР Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады

Конституциялық Кеңес ҚР Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 25 СӘУІР - Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.
 
22 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны