11.01.2023, 08:17 19696

Конституциялық сот "Тұңғыш Президент туралы" заңның күшін жойды

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді
Конституциялық сот "Тұңғыш Президент туралы" заңның күшін жойды
Астана. 11 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Конституциялық Сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Заңның күші жойылды деп таныды, деп хабарлайды ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі.
 

Конституциялық Сот, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының дербестендірілген Конституциялық заңының әрекет етуінің конституциялық-құқықтық негіздерін және Конституциядан Республиканың тұңғыш Президенті туралы басқа да атап өтулерді алып тастаған 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумнан кейін осы Конституциялық заңның қолданыстағы заңнамада сақталуы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңаланған редакциясымен келіспейді, деп пайымдайды", - делінген Конституциялық Соттың нормативтік қаулысында.

 
2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады.
 
Нормативтік қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны