16.07.2018, 14:24 4265

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ жаӊа төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініӊ 2018 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Шакқалиев Арман Абайұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды.

Астана. 16 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініӊ 2018 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Шакқалиев Арман Абайұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды.

Арман Шакқалиев 1977 жылы туған.

Туған жері: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

Білімі:

- М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, "Стандарттау, сертификаттау және метрология" мамандығы бойынша,

- Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, "Заӊгер" мамандығы бойынша,

- Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, "Экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еӊбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласында "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" АҚ заӊ кеӊесшісі қызметінен бастаған.

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігініӊ "Резерв" РМК бөлімініӊ бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігініӊ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментініӊ директоры қызметтерін атқарды.

Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап "Қазақстандық метрология институты" РМК директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдыӊ маусымынан 2016 жылдыӊ сәуіріне дейін "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ директоры қызметін атқарды.

2016 жылдыӊ сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментініӊ директоры болып тағайындалды.

Сапа менеджменті жүйелерініӊ сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудитор

Халықаралық инженерлік академияныӊ корреспондент мүшесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны