17.11.2006, 10:13 2803

ҚР премьер министрі Д.Ахметов Трансазия темір жолы желісі жөніндегі үкіметаралық келісімге Қазақстанның қосылатыны туралы үкімет қаулысына қол қойды

АСТАНА. 17 қараша. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов Трансазия темір жолы желісі жөніндегі үкіметаралық келісімге Қазақстанның қосылатыны туралы үкімет қаулысына қол қойды. Бұл жөнінде ҚР премьер министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Трансазия темір жолы негізінде құрылған желі Закавказье, Орта және Орталық Азия, Таяу Шығыс өңірлері елдерінің аумағы бойынша өтеді. Құжатта айтылғангдай, келісімге Азияда және Азиямен көршілес аймақтар арасында халықаралық темір жол тасымалдарын ынталандыру мен дамыту мақсатында қол қойылған.

Қауылыға сәйкес, Трансазия темір жолы желісінің тізбесі бекітілді. Құжат бойынша, қазақстандық Трансазия темір жолы желісін құрайтын бағыт "Петропавл-Достық", "Семиглавый Мар-Ақтоғай", сондай-ақ Қазақстанның Луговая станциясынан басталатын "Бішкек-Кочкор" арқылы өтеді. Желі Петропавл, Көкшетау, Астана, Қарағанды, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және Алматы қалаларындағы тораптық станциялар арқылы Қазақстанның барлық аумағын басып өтеді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны