25.05.2009, 11:18 1205

ҚР ҰҚК "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның бұрынғы басшысын аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұстады - ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның бұрынғы басшысын аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұстады - ҰҚК баспасөз қызметі

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров хабарлады.

"Мен "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті ҰҚК қызметкерлерінің ұстағаны туралы ақпаратты растаймын. М.Жәкішевпен қатар Ұлттық атом компаниясының тағы бес адамы, соның ішінде үш вице-президент: Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков, Малхаз Цоцория да ұсталды", - деді К. Бекназаров.

"Мұхтар Жәкішев аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны