29.08.2025, 12:14 61766

Әлібек Жамауов "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Әлібек Жамауов "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сурет: Самрук-Казына

Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.


Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болған.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы "Agip Kazakhstan Caspian Operating" компаниясында кіші кеңесші ретінде бастады.

2006-2009 жылдары аталған компанияда кеңесші, супервайзер қызметтерін атқарған.

2009-2015 жылдары - "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.

2015-2019 жылдары - "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.

2019-2020 жылдары - "PSA" ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары - бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны