02.12.2021, 20:30 60765

Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ СІМК отырысына қатысты

Кездесу барысында қатысушылар ЕҚЫҰ СІМК 28-ші отырысының өзекті мәселелері, сондай-ақ ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.
Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ СІМК отырысына қатысты
СТОКГОЛЬМ. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ЕҚЫҰ СІМК 28-ші отырысының өзекті мәселелері, сондай-ақ ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.
 
М.Тілеуберді әріптестерін ЕҚЫҰ СІМК отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық туралы өз көзқарасымен бөлісті.
 

Жұмыс кездесуі дәстүрлі достық атмосферада өтті, тараптар ҰҚШҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуға және ЕҚЫҰ-мен байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталғандығын растады", - деп хабарлады ҚР СІМ.

 
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстаннан басқа Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны