05.12.2007, 19:39 3179

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" жарлыққа қол қойды

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға берілсін деп қаулы емемін",- делінген жарлық мәтінінде.

"Спектрлік теория және оның қолданылуы" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұқтарбай Өтелбаевқа;

"Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясын зерттеуді, олардың негізінде дәрілік заттар жасауды, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруды дамыту" жұмысы үшін:

"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Идекеновке;

"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қорлан Есқожақызы Итжановаға;

"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Альфред Давыдович Кагарлицкийге;

Ж. Ибішев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Марат Нығметжанұлы Мұхаметжановқа (марқұм);

Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Мұсылманбековке;

"Биологиялық бақылау сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасының" директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Дүйсенбайұлы Рахымовқа;

Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Валентина Брониславовна Сиротаға;

"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Қобланды Мүбәракұлы Тұрдыбековке.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны