28.04.2008, 17:48 3305

Мемлекет басшысы сенатор Жылқышиевті қабылдады

Мемлекет басшысы сенатор Жылқышиевті қабылдады

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы сенатының депутаты Болат Жылқышиевті қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу кезінде сенатор жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңалау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

"Мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан мемлекет басшысына халыққа арнаған жолдауында "Бейнеу-Шымкент" магистральдық газ құбыры мен Балхаш Жылу электр станциясын салу мақсаттарын алға қойғаны үшін үлкен ризашылығымды білдірдім. Оңтүстік Қазақстан облысы энергиядан тапшылық көріп отырған өңір, сол себепті аталған нысандарды салу көптеген тауқыметтерді шешеді", - деді Б. Жылқышиев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны