31.03.2021, 20:59 15095

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың құқықтық тетігін жетілдіруге, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заңның негізгі міндеті суға батқан кемелерді тиімді жою және теңіз авариясының салдарын жою жөніндегі бірыңғай қағидалар мен рәсімдерді айқындау болып табылады.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны