28.04.2021, 21:39 17052

Мемлекет басшысы Елбасына жаңа мәртебе беруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.
 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болу жөніндегі біздің ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды сұраймыз. Бұл мәртебе халқымыз бен мемлекетіміздің алдындағы тарихи еңбегіңіз үшін Сізге лайық. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы. 

 
ҚХА мүшелері Тоқаевтың ұсынысын қолдады.
 

Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды және біз алға қарай ілгерілейміз", - деп жауап берді Назарбаев.

 
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны