28.04.2021, 21:26 11278

Елбасы Тоқаевқа ҚХА төрағасының өкілеттігін тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.
 
ҚХА төрағасының өкілеттігін Елбасы Тоқаевқа беру шешімі туралы Ассамблеяның XXIX сессиясы барысында мәлімдеді.
 
Назарбаев Елбасы туралы Конституциялық заңға сәйкес ол өмір бойы ҚХА-ны басқару құқығына ие екенін атап өтті. Бірақ ел Президентіне бірқатар өкілеттіктер берілген.
 

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңға және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңға сәйкес менің Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқаруға құқығым бар екенін білесіздер. Бұл ретте Ассамблеяны басқарудың бірқатар өкілеттіктері ел Президентінің құзырында. Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының маңына топтасып, оған тірек болуы керек. Сондықтан мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруді ұйғардым. Бұл шешім Ассамблеяның мүддесіне сай келіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа барлық жұмысты, сондай-ақ халқымыздың, қоғамымыз бен мемлекетіміздің болашағына қатысты барлық жоспарларды жүйелі құруға көмектеседі деп кәміл сенемін", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны