20.06.2026, 14:35 201221
"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәдени-көпшілік шаралардың негізгі алаңына айналған "Жастар" саябағы балық шаруашылығы дәстүрлері мен өңірдің гастрономиялық мәдениетіне арналған “Қазыналы Каспий” халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.
Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев танысып, мұндай шаралардың халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, Каспий маңында елдердің туристік әлеуетін арттыруға және балық шаруашылығын кеңінен насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.
Фестиваль аясында Жайық өзенінің биоресурстарын толықтыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылып, 3 мың бекіре тұқымдас балық шабағы өзенге жіберілді.
Мерекелік бағдарламаның көркін өзендегі кемелер шеруі қыздырды. Әлиев көпірінен Тұрғындар қалашығындағы көпірге дейін Жайық өзенімен 50 кеме мен қайық салтанатты сап түзеп өтті.
Сондай-ақ кәсіби аспаздар арасында өткен шеберлік байқауы да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
"Біз жергілікті балықтардан әзірленген авторлық тағамдарымызды ұсындық. Атап айтқанда, көксеркеден дайындалған салат, жаңа ауланған балық сорпасы және қызыл балықтан жасалған ыстық тағам әзірледік. Енді қазылар алқасының бағасын күтіп отырмыз. Осындай іс-шаралар бізді кәсіби тұрғыдан дамуға және шеберлігімізді шыңдауға ынталандырады", - деді бас аспаз Исламбек Ұзақберген.
Фестиваль аумағында балық өнімдерінің жәрмеңкесі мен гастрономиялық алаң жұмыс істеп, тұрғындар мен қала қонақтары жергілікті өнімдермен танысты.
Жастар арасында Fish Dance Battle би сайысы ұйымдастырылса, бүлдіршіндерге "Каспий теңізінің қарақшылары" атты театрландырылған қойылым ұсынылды.
Фестиваль жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.08.2026, 15:11 3951
"Байсерке аспаны - 2026" авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы облысындағы Байсерке аэродромында "Байсерке аспаны - 2026" ауқымды авиациялық шоуы ұйымдастырылып, іс-шараға 10 мыңға жуық көрермен қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында қонақтарға түрлі әуе техникасының мүмкіндіктері мен кәсіби ұшқыштардың шеберлігі көрсетілді. Авиациялық бағдарламаға Ми-2 және Ми-8АМТ тікұшақтары, Ан-2, Як-18Т, Як-52, Як-55, Socata TB-10, Socata TB-20, Partenavia P.68 ұшақтары, сондай-ақ мотодельтапландар мен авиамодельдер қатысты.
Көрермендер үшін тәжірибелі ұшқыштардың жоғары пилотажы, Ми-8АМТ тікұшағы арқылы өрт сөндіру техникасының көрсетілімі және екі Ан-2 ұшағынан парашютшілердің жаппай десанты ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, "Ромб" және "Веер" форматындағы топтық ұшулар көпшілік назарына ұсынылды.
Авиациялық шоудың қорытынды бөлімінде ұшқыштар мен парашютшілердің бірлескен көрсетілімі өтті. Бағдарлама "Небо Байсерке" гимні, барабан шоуы және салютпен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.08.2026, 11:42 5961
Елімізде 6,8 мыңнан астам орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар пайдалануға беріледі
Қазір 7 жатақхананы іске қосу жұмыстары жүргізілуде
Достарға айту
2026 жылы Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 6 857 орындық 18 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министр жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталып жатқанын атап өтті.
"Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын. Ашылуы 22 тамыз күні өтеді. Алматы қаласында Халықаралық білім корпорациясының 339 орындық замануи жатақханасы биыл қолданысқа берілді",- деді ол.
Қазір 7 жатақхананы іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 11 жатақхана іске қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 15:55 14151
Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды
Тіпті мұндағы палаталар нөмірмен емес, гүлдердің атауымен аталады
Достарға айту
Алматыда алғаш рет балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасай отырып.
Бөлімше 15 орынға есептелген. Мұнда өмірінің алғашқы күнінен бастап 18 жасқа дейінгі ауыр созылмалы, онкологиялық, неврологиялық және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі.
"Мұнда балаларға медициналық көмектен бөлек, психологиялық және әлеуметтік қолдау да толық көрсетіледі. Негізгі қағидат - барлық маманның бірлескен, мультидисциплинарлық жұмысы. Әр палата оттегі беру жүйесімен, өкпені жасанды желдету аппаратымен, монитормен, инфузоматпен, штатив, аспиратормен жабдықталады. Баланың диагнозына қарай реаниматолог, реабилитолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді",- деп мәлім етті №2 Балалар ауруханасының ПБ меңгерушісі Олеся Панкова.
Оның айтуынша, бөлімшеде үйдегідей жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ата-аналар баласының жанында болып, оған тамақ әзірлеп, өздері күтім жасай алады. Тағы бір қызығы, тіпті мұндағы палаталар нөмірмен емес, гүлдердің атауымен аталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 11:50 16511
Археологтер Түркістан облысындағы көне қалашықты зерттеп жатыр
Сурет: 24.kz бейнежазбадан скриншот
Достарға айту
Еліміздің археологтеры Түркістан облысындағы Бірлік ауылының маңында орналасқан көне қалашықты зерттеп жатыр. Қазба жұмыстары кезінде мамандар тұрғын үй-жайлардың қалдықтарын, қыш бұйымдарды, темірден жасалған еңбек құралдары мен сандал деп аталатын көне пешті тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Қалашық археологтерге 1962 жылдан бері белгілі. Сол кезде зерттеуші Николай Подушкин оның бір бөлігін зерттеп, ескерткішті VIII-XII ғасырларға жатқызған болатын. Жаңа қазба жұмыстары бұл жерде адамдардың одан әлдеқайда ертерек, Қаңлы дәуірінде-ақ өмір сүргенін көрсетіп отыр. Кейін қала Қарахан мемлекеті мен Алтын Орда кезеңдерінде қарқынды дамыған.
Археологтер аумақты зерттеу үшін дрондар мен ГАЖ технологияларын пайдаланып жатыр. Әуеден түсірілген суреттер жер бедерінің ерекшеліктерін анықтап, қазба жұмыстарын жүргізуге қолайлы учаскелерді белгілеуге көмектесті. Мамандар ортағасырлық қаланың негізгі бөліктері - цитадель, шахристан мен рабадты да зерттеп жатыр.
Қазба алаңдарының бірінен ғалымдар тұрғын үй-жайлардың қалдықтарын, қыш бұйымдарды, темір еңбек құралдары мен көне пешті тапты. Басқа алаңда цитадельдің қорғаныс жүйесі зерттелді. Табылған қабырғаның ені шамамен бір метрге жетеді. Сондай-ақ, археологтер мұнараның қалдықтарын анықтады.
Зерттеушілер қалашық аумағында хан сарайы болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр. Әзірге бұл нұсқа расталған жоқ.
Табылған заттардың нақты жасы мен шығу тегін анықтау үшін олар зертханалық зерттеуге жіберіледі. Археологтер қалашықтағы жұмыстарды келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 09:58 16871
29 тамызда Ақтау қаласында SHUBAT FEST - 2026 фестивалі өтеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
29 тамызда Ақтаудағы Амфитеатр алаңында SHUBAT FEST - 2026 ұлттық фестивалі өтеді. Онда Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілер анықталады, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Фестивальдің мақсаты - шұбат пен түйе сүтінен жасалатын басқа да өнімдерді дәріптеу, сондай-ақ гастрономиялық туризмді дамыту.
Басты іс-шара шұбаттың үздік өндірушісін анықтайтын байқау болмақ. Қатысушылар арнайы аталымдар бойынша да бақ сынай алады. Фестивальде құрт, балқаймақ, тіскебасар, балмұздақ, кофе және түйе сүтінен дайындалған коктейльдер ұсынылады.
Байқауға түйе шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтары қатыса алады. Финалға 20 қатысушы іріктеледі. Олардың шұбат үлгілерін тәуелсіз аккредиттелген зертхана тексереді деп күтілуде.
Жеңімпаздар үш шарт бойынша анықталады: қорытынды бағаның 40 пайызын зертханалық зерттеу нәтижелері, тағы 40 пайызын кәсіби қазылар алқасының шешімі және 20 пайызын халықтың берген дауысы құрайды. Мамандар шұбаттың қауіпсіздігі мен сапасын, ал қазылар алқасы оның дәмін, қоюлығын, хош иісі мен ұсынылуын бағалайды.
Негізгі байқаудың жеңімпаздары 1 млн, 700 мың және 500 мың теңге алады. Бас жүлде иегеріне автокөлік табысталады. Арнайы аталымдар бойынша да ақшалай сыйлықтар қарастырылған.
Фестиваль танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады. Ұйымдастырушылар пайымдауынша SHUBAT FEST - 2026 фестиваліне 20-25 мың адам келеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.08.2026, 14:12 25421
"Байсерке аспаны - 2026": Алматы маңында ауқымды авиашоу өтіп жатыр
Сурет: Алматы облысыныі әкімдігі
Достарға айту
Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында жыл сайынғы "Байсерке аспаны - 2026" авиациялық мерекесі басталды. Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады, деп хабарлайды облыс әкімдігінен.
Авиациялық мереке аясында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Сарапшылар мұндай мерекенің балалар мен жасөспірімдерді ұшқыш, инженер және авиация технигі мамандықтарымен таныстыруға септігін тигізетінін атап өтті. Ұшақтарды жақыннан көріп, мамандармен тілдесу мүмкіндігі жастардың авиация мен инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Қатысушылар шағын авиацияны дамытуға ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, бұл үшін авиациялық мәдениетті арттырып, халыққа саланың мүмкіндіктері туралы айтып, ашық іс-шараларды тұрақты өткізу қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 16:36 35871
Атырау облысында лотос фестивалі ашылды
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында "LOTUS FEST-2026" мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Фестиваль лотос алқабының табиғи ерекшелігін танытып, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Бұл іс-шара - лотос алқабының табиғи сұлулығын көпшілікке танытып қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, осындай ерекше табиғи нысандарды туристік бағытқа айналдырып, Атырауға келетін қонақтар санын көбейтуге жол ашады,- деді аудан әкімі.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендер алдында "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблі, "Жайық қызы" халықтық би ансамблі өнер көрсетіп, эстрада жұлдызы Қуандық Рахым ән шырқады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.08.2026, 13:46 37156
Қазақстан полициясы тұрғындарға "тәуекелсіз инвестиция" деген желеумен алаяқтардың құрығына түсіп қалмауды ескертеді
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Қазақстан полициясы әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен интернет-платформалар арқылы өзін брокер немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, инвестициядан пайда табуды ұсынатын алаяқтардың әрекеті туралы ескерту жасады.
Қаскөйлер жоғары табыс, "кепілді пайда" және "тәуекелсіз инвестиция" уәде етеді. Алдымен адамға аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады. Кейін жалған сайтта немесе қосымшада оның капиталы өсіп жатқандай көрсетеді.
Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушіні "инвестиция көлемін ұлғайту", "комиссия төлеу" немесе "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаулармен қайта-қайта ақша аударуға көндіреді.
Адам ақшасын шығарып алуға әрекеттенген кезде сайт жұмысын тоқтатады, аккаунт бұғатталады, ал "кеңесші" байланысқа шықпай қояды.
"100 пайыз кепілдік беріп, жоғары табыс уәде ететіндерге сенбеңіздер. Бірнеше күннің ішінде ақшаңызды бірнеше есе көбейтуді ұсынатындардан сақ болыңыздар", - деп ескертті полиция.
Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармау, банк картасының деректерін, CVV-код пен SMS-кодтарды ешкімге бермеу ұсынылды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау қажет.
Полиция әңгімелесуші шешім қабылдауға асықтырып, ақшаны дереу салуды талап етсе, сақ болуға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.08.2026, 09:25Қазақстан шығыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жоба әзірлеп жатыр 18.08.2026, 09:38 12396Ұлттық банк жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар лимитін ұлғайтуды жоспарлап отыр18.08.2026, 11:09 11866Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеру цифрлық форматқа көшіріледі18.08.2026, 12:08 11186Қазақстанда иттер мен мысықтарды чиптеу міндеттелді18.08.2026, 14:35 9376Бектенов оқу жылының басталуына қарай бірқатар тапсырмалар берді
15.08.2026, 15:26 60136Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды14.08.2026, 18:36 58331Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 14:15 57861Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді15.08.2026, 11:36 56981Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 11:20 53281Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады
24.07.2026, 17:33 106086АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99796Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98371Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда23.07.2026, 16:25 93736Мәскеуде Яссауи іліміне қатысы бар XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды23.07.2026, 14:36 92256Сарапшы: Алматының бас жоспарына қатысты дау - қаланың жаңа даму моделіне төтеп беру қабілетіне қатысты мәселе

