20.06.2026, 13:48 2041

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты
Ақтөбеде автогаз құю станциясының аумағында автокөліктің өртенуі салдарынан үш адам, оның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

19 маусым күні сағат 22:55-те «112» қызметіне автогаз құю станциясындағы көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жоғары шақырту деңгейі бойынша жіберілді.

Өрт сағат 23:03-те толық сөндірілді. Көліктің ішінен өртті сөндіру барысында қаза тапқан үш адамның денесі табылды, олардың екеуі - кәмелетке толмаған балалар. Бір жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орын алған оқиға бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны