13.01.2026, 17:09 4966

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Сурет: Akorda
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берілді.

Дәурен Қосанов цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынылды.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны