25.04.2025, 14:56 92966

Тоқаев UEFA президентімен білім беру және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру барысын талқылады

Тоқаев UEFA президентімен білім беру және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру барысын талқылады
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Президент бүгінде 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданатынын айтты. Бұл - спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

Александер Чеферин кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны