24.05.2023, 10:37 17281

Финпирамида MetaGo инвесторлардан 124 миллион теңгеден астам қаражат тартты

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны "MetaGo" жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР ҚМА.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам салымшылар қаражатты тартқан.

Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны