01.07.2022, 17:57 36556

Монополиялық операторларды реттеу үшін арнайы құқық институты күшіне енді

Бүгінгі күні монополияға қарсы орган жүргізген талдау барысында анықталған 18 оператор реттеуге жатады және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енгізілетін болады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - 2022 жылғы 1 шілдеде Кәсіпкерлік кодекстің арнайы құқық институты ұғымы мен қағидаттарын регламенттейтін нормалары күшіне енді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл нормалар мемлекеттік монополия тетігін толықтырады және жетілдіреді.
 
Ел Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік арнайы құқық субъектісі бола алады.
 
Аталған норманы іске асыру үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі арнайы құқық субъектілерінің заңды тұлғаларды айқындау тәртібін регламенттейтін құқықтық акт әзірледі. Құжат ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №453 қаулысымен бекітілді.
 
Бүгінгі күні монополияға қарсы орган жүргізген талдау барысында анықталған 18 оператор реттеуге жатады және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енгізілетін болады.
 
Арнайы құқықтар берілген субъектілерді реттеу мынадай қағидаттарда жүзеге асырылатын болады:
 
1) бағалық реттеу, уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісім бойынша;
 
2) басқа заңды тұлғаларға қатысуға тыйым салу;
 
3) өзге қызметке тыйым салуды қамтиды;
 
4) қызметі арнайы құқықты жүргізумен байланысты өзгеріске ұшыраған бизнеске жіберіп алынған пайданы өтеу;
 
5) нарыққа қатысушыларды дайындау үшін жарты жылға кейінге қалдыру кезеңі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны