17.10.2012, 17:22 3315

Назарбаев қазанның аяғында Австрияға ресми сапармен барады

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Хайнц Фишермен (шағын және кеңейтілген құрамда), Австрия Ұлттық Кеңесінің Президенті Барбара Праммер ханыммен келіссөздері болып өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, сапар бағдарламасында үкіметтік делегациялардың келіссөздері мен ірі бизнес-форум өткізу қарастырылған.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың 22-23 қазан аралығында Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишердің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрия Республикасына ресми сапары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Хайнц Фишермен (шағын және кеңейтілген құрамда), Австрия Ұлттық Кеңесінің Президенті Барбара Праммер ханыммен келіссөздері болып өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, сапар бағдарламасында үкіметтік делегациялардың келіссөздері мен ірі бизнес-форум өткізу қарастырылған.

Тараптар саясат, сауда-экономикалық, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-австриялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқыға салады, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер жөнінде пікіралмасатын болады. Қазақстан мен Австрия арасында халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі өзара түсіністікке қол жеткізілген, штаб-пәтерлері Вена қаласында орналасқан барлық-дерлік халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді ықпалдастық орнатылған.

Екіжақты қарым-қатынас тарихындағы Австрия Федералды Президентінің біздің елімізге алғашқы сапары Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуынан кейін 2010 жылдың 3 желтоқсанында орын алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны