30.04.2021, 20:37 15491
Nur Otan балалар интернаттарында жағдайды жақсарту шараларын қабылдауды талап етеді
Достарға айту
Партия хатшысы Әлібек Әлденейдің айтуынша, "Бақытты отбасы" жобасы аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар кеңестің ұсыныстарын ескере отырып, еліміздің 220 елді мекенінде интернаттар мен мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, медициналық-әлеуметтік мекемелерде балалардың күтім сапасын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар, 200 қызметкер үшін білім алу ұйымдастырылып және жалақы 50%-ке артты.
"Nur Otan" партиясының жанынан қиын жағдайға тап болған отбасыларға, әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету және оларды анықтау үшін "111 шұғыл қызметі" байланыс орталығы ашылды. Ол еліміздің барлық өңірлерінде арнайы құрылған жедел әрекет ету топтарымен өзара бірлесе жұмыс жасайды.
Кеңес төрағасы Динара Закиева өңірлерде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде, сол аймақтарға отбасын қолдау орталықтарының санын арттыру қажеттігін көрсететінін атап өтті. Атап айтқанда, аудан орталықтарында отбасыларға, қиын жағдайларға тап болған әйелдерге, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз ету керектігін айтты.
Жедел әрекет ету топтары жұмыс істеген 10 айдың ішінде барлық өңірде 46 мың отбасыға көмек көрсетілген, оның ішінде құжаттарды ресімдеу, жұмысқа орналастыру және де басқада да кешенді көмектер қамтылған. Партияның сайлауалды бағдарламасында 5 жыл ішінде әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұрғынжай ұсыну бойынша осындай 234 орталық ашу міндеті көзделген", - деді Динара Закиева.
Басқосу барысында Кеңес мүшесі Диана Ерлан Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне балалардың интернаттарда тұратын жатақжайлары мен білім алу сапасын жақсартуға назар аудару керектігін айтты.
Мәселен, 2019 жылы Кеңестің жұмыс тобы еліміздің барлық облыстарындағы 61 интернатқа барып, олардың 19-ында санитарлық нормалар мен шарттардың бұзылғаны анықталған. Ескерту алған барлық интернатта материалдық-техникалық база нығайтылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда елімізде 400-ден астам жақсартуды қажет ететін интернат бар.
Уәкілетті органға 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық интернаттағы жағдайды жақсарту жөніндегі жұмыс кестесін Кеңеске ұсыну тапсырылған.
Отырыс қорытындысы бойынша атқарушы органдарға бірқатар ұсыныстар дайындалған. Олардың арасында Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына арнайы мектептерден оралғаннан кейінгі кәмелетке толмағандарды оңалту, мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарының санын ұлғайту және т. б. мәселелерді енгізу туралы ұсыныстар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2026, 19:32 6751
Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі - Берн одағының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Форум алғаш рет Орталық Азия өңірінде өткізіліп отыр. Отырыс жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысуда. Олар - жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аталған басқосудың стратегиялық миссиясын атап өтті. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайту Берн одағы мүшелері қызметінің негізгі бағыттары - халықаралық сауданың, көлік-логистикалық әлеуеттің және экспорттық мүмкіндіктердің дамуымен тығыз байланысты.
Олжас Бектенов еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен саяси және экономикалық жаңғыртудың кешенді бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция Әділетті және Қуатты Қазақстан құруға бағытталған.
Отырысқа қатысушыларға Президент қойған міндеттерге сәйкес инвестициялық, экспорттық және іскерлік әлеуетті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Мемлекет үшін шетелдік әріптестермен сенімді диалог құру - сыртқы экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі.
Мемлекет басшысы іскерлік ахуалды жақсартуға үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ірі экономика ретінде өзінің ұлттық экономикасын құрылымдық трансформациялауды жалғастыруда. Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады, ал негізгі капиталға инвестициялар 13%-ға артып, $43,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылы $144 млрд-қа дейін өсті. Қазақстандық өнімді жеткізу географиясы мен номенклатурасы кеңейіп келеді. Бүгінде біздің тауарлар әлемнің 127 еліне экспортталады, белсенді өнім түрлерінің тізімі 4 мыңға жақындады", - деді Олжас Бектенов.
2030 жылға дейінгі Сауда саясаты тұжырымдамасы аясында Қазақстан шикізаттық емес экспортты $52 млрд-қа дейін жеткізуді мақсат етіп отыр. Қазақстан халықаралық еркін сауда келісімдері желісін кеңейтуде. Вьетнаммен, Сербиямен жасалған келісімдерге қосымша БАӘ, Моңғолия және Индонезия қосылды. Бұл архитектурада Транскаспий халықаралық көлік бағыты ерекше рөл атқарады, мұнда трансконтиненталды экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын арттыру және елдеріміздегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Шетелдік сапалы адами капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша көші-қон саясаты жетілдірілуде. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін "Алтын виза" арнайы визалық режимі енгізілуде. Басым нарықтарда орналасқан Қазақстанның шетелдік сауда өкілдері және Экспорттық-кредиттік агенттіктің кеңселері кәсіпорындарға ішінара қолдау көрсетуге және халықаралық бизнестің сұраныстарына жедел ден қоюға бағдарланған.
Цифрлық күн тәртібі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және бизнес үшін заманауи инфрақұрылым құрудың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Ел Президенті жасанды интеллектіні дамытуға және Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Қабылданып жатқан Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы осы секторды ілгері дамытуға бағытталған", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мұнда жасыл және исламдық қаржы құралдарын дамыту үшін ағылшын құқығы юрисдикциясында бірегей жағдайлар ұсынатын маңызды институт - "Астана" халықаралық қаржы орталығы.
ҚР Премьер-министрі делегаттарды Қазақстанда бизнесті дамыту, сауда қатынастарын кеңейту және өңірдегі инвестициялық қатысу үшін жасалған мүмкіндіктерді ескере отырып, белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Экспорттық-кредиттік агенттік арқылы трансшекаралық мәмілелерді сақтандырудың тиімді тетіктері қолжетімді. "Бәйтерек" холдингінің желісі бойынша Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру ұсынылады.
Біз қаржыландыру, сақтандыру және кепілдендіру құралдарын біртұтас қолдау жүйесіне біріктіреміз. Оның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, салық түсімдері артады және сапалы инвестициялар тартылады. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" проактивті инвестициялық холдингтің моделіне көшуде. Үкіметпен бірлесіп 2032 жылға дейін жалпы сомасы шамамен $170 млрд-қа жуық перспективалы жобалар пулы құрылды. Осы ауқымды стратегияны жүзеге асыруда Берн одағы мүшелерінің сақтандыру және бірлескен қаржыландыру құралдарын ұсынудағы рөлі ерекше маңызды бола түсуде", - деді "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.
Юичиро Акита өз сөзінде нарықтың қазіргі үрдістері мен өзгермелі жағдайлар аясындағы даму бағытына тоқталды.
Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан жаһандық сауда ағындарының, инвестициялар мен озық идеялардың түйіскен жерінде бола отырып, негізгі байланыстырушы буын мәртебесін сақтап келеді. Дәл осы жерде біз жаңа сын-қатерлерді саралап отырғанымыз - символдық мәні бар жайт. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық қайтадан тарихи тоғысқан тұста тұр. Экспорттық-кредиттік агенттіктер неғұрлым стратегиялық және таңдаулы тәсілге көшетін өзара іс-қимылдың сапалық жағынан өзгеше архитектурасы қалыптасуда. Ағымдағы кездесулер аясындағы сындарлы пікір алмасу тиімді бірлескен шешімдер әзірлеуге берік негіз қалыптастыратынына сенімдімін", - деді Берн одағының президенті Юичиро Акита.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Берн одағы мүшелері ұсынатын жиынтық сақтандыру көлемі жылына шамамен $3,7 трлн-ды құрайды. Бұл әлемдік трансшекаралық сауда айналымының шамамен 13%-ын қамтиды.
Берн одағының пленарлық отырысы жаһандық экономикалық күн тәртібі, инвестициялар мен Орталық Азияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ қаржыландыру және инновациялар мәселелеріне арналған панельдік сессиялар форматында жалғасты.
Анықтама:
Берн одағы - экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыратын ірі ұйымдарды біріктіретін жетекші халықаралық коммерциялық емес ұйым. 1934 жылы Бернде (Швейцария) құрылған одақ бүгінде Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. Ұйымның қызметі әлемдік сауданың дамуына жәрдемдесуге, экспорттық кредит беру саласында халықаралық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейде сараптамалық тәжірибе мен ақпарат алмасуға арналған алаң қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі - шикізаттық емес экспортты қолдау және ілгерілетуге маманданған ұлттық даму институты. Компания "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ құрылымына кіреді және Берн одағының Прага клубының толыққанды мүшесі болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 18:05 7016
Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, қытайлық инвестор қатысты, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған "GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA" ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі - 21 млрд теңге. 8 ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі - 20 жыл. 5 адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді. Жуырда Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жоба нәтижесінде өңір импортқа тәуелділіктен арылады. Кейінгі 3 жылдың өзінде облысты энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:45 10906
ШҚО-да ауылды дамытуға бағытталған жаңа жоба басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Манат ауылында ауыл тұрғындары үшін таңқурай алқабын отырғызу жобасы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдық аумақтарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара аясында таңқурай көшеттері отырғызылып, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың ауылға оралуына және ауылдық жерлерде өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды. Осындай бастамалар жастарға кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді игеруге және туған жерінде еңбек етуге үлкен серпін береді.
Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ауылдың болашағына деген сенім мен бірлікті нығайтты.
Мұндай жобалар ауылдың кешенді дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына және өңір экономикасының нығаюына өз үлесін қоса береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:16 12296
Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ибрашев Ерсін Темірбекұлы Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Жетісу облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1989 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ҚХР-дың Бейжің қаласында алған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын жалғастырды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы, Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды.
2024 жылдың қараша айынан - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 15:39 12911
Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын. Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының назарын Қазақстанда және көрші елдерде шегірткенің таралуына байланысты қалыптасқан ахуалға аударды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл көршілес мемлекеттерде шегіртке зиянкестерінің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралуы болжанып отырғанын баяндады. Шекара маңындағы аумақтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде, зиянкестердің ұшып келу қаупі туындаған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техниканы тарту көзделген. Жалпы республика бойынша 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, қажетті техника, мамандар мен препараттар дайындалды.
Мұнда ең бастысы - уақытты жіберіп алмау. Техника да, химиялық заттар да бар, барлық жұмысты дер кезінде жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 14:35 13206
Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтау және шаруаларды жанар-жағармаймен уақтылы қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Агротехнологиялық талаптар белгіленген нормаларға сәйкес мүлтіксіз орындалуы тиіс. Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш себу және элиталық тұқымдардың үлесін 11,7%-ға дейін жеткізу жоспары бекітілді. Аталған көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізу керек. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау шараларын уақтылы жүргізіп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын жалғастыру маңызды. Жеңілдетілген отынның жеткізілуін және оның мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстау қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ тиісті ведомствоға егіс науқаны кезінде метеорологиялық болжамдарды жедел жеткізу тапсырылды.
Ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударған жөн. Экология министрлігі жедел шешімдер қабылдау үшін егіншілерге өзекті метеорологиялық болжамдарды уақтылы беруді қамтамасыз етсін", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 12:24 13836
Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп отырғызу 10 мың гектарға ұлғаяды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға оңтайландырылды, бұл ретте тамшылатып суаруға арналған мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғаяды. Егістіктердің бекітілген құрылымы егіннің қажетті көлемін алуға және сыртқы сұраныс конъюнктурасын ескеруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 11:30 13506
Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде
Достарға айту
Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады. Үкімет отырысында саланы цифрландыру және агротехнологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрілігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп егін егу барысы туралы деректерді жинауға арналған платформа әзірлеп шығарған, ол қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: жалпы қажеттілік стандарт бойынша 1-ші және 2-сыныптарға сәйкес келетін 2,3 млн тоннаны құрайды. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік, онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардық қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда", - деді Азат Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2026, 12:24Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады 12.05.2026, 11:30 13136Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде12.05.2026, 14:35 12836Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды12.05.2026, 15:39 12541Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды12.05.2026, 16:16 11926Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
09.05.2026, 10:20 140941Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді08.05.2026, 09:04 116766ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:36 79911Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 10:26 78296Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 73576Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
13.04.2026, 21:35 474656Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474561Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474521Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439811Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439341Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

