23.02.2022, 18:02 20086

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезіне 399 делегат қатысады

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды.
НҰР-СҰЛТАН. 23 АҚПАН - Бүгін еліміздің барлық өңірінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды.

Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Nur Otan Съезі 1 наурызда өтеді.

Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр.

Съезд онлайн форматта өтеді.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны