27.01.2022, 16:17 25041

Ольга Перепечина Сенаттың вице-спикері болып сайланды

Барлық депутаттар оны тағайындауға дауыс берді.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - Парламент Сенаты спикерінің орынбасары қызметіне Ольга Перепечина сайланды.
 

"Сенат төрағасының орынбасарын сайлау" - күн тәртібінің бірінші мәселесі. Конституциялық нормаларға сәйкес палата орынбасарының кандидатурасын Палата төрағасы ұсынады. Мен Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Сіздер Ольга Валентиновнаны жақсы білесіздер, ол өз ісінің нағыз шебері, тәжірибелі сенатор, Солтүстік Қазақстан облысынан екі рет сенатор болып сайланды. Әрқашан табандылық танытып, мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 
Депутаттар оны тағайындауға дауыс берді. Мәулен Әшімбаев Перепечинаны төралқаға өтуге шақырды.
 

Президиум әдемі бола түсті!", - деген дауыс залдан естілді.


Перепечина Ольга Валентиновна - Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.

1967 жылы 23 тамызда тұған, білімі жоғары. Қорған ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – экономист.

Еңбек қызметі:

1989-1992 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Новокаменка ауылында "Новокаменский" совхозының экономисі.

1992-1996 жылдары - агрофирманың бас экономисі.

1996-2002 жылдары - Қызылжар аудандық қаржы басқармасының бастығы.

2002-2011 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы.

2011-2014 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті директорінің орынбасары, директор, болып қызметтерді атқарған.

2014 жылғы 17 қазаннан қазіргі уақытқа дейін — Солтүстік Қазақстан облысынан VI шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2014 жылғы 17 қазаннан бастап - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, 2017 жылғы қыркүйектен бастап - Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.

2014 жылғы 23 қазаннан бастап - электрондық жүйенің пайдаланылуын және оған қызмет көрсететін персоналдың жұмысын бақылау жөніндегі комиссияның мүшесі.

Нұр Отан" партиясының мүшесі.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны