09.12.2016, 14:04 4652

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды

Сессияныӊ күн тәртібінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметініӊ атқарылған жұмыстар есебі, тұрақты комиссияныӊ құрамына өзгерістер енгізу жайы мен мәслихаттыӊ 2017 жылға арналған жұмыс жоспары, бірқатар өӊірлік кеӊестіӊ дербес құрамын бекіту сынды 25 мәселе қаралды.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезекті сегізінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сессия жұмысына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімініӊ орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Сессияныӊ күн тәртібінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметініӊ атқарылған жұмыстар есебі, тұрақты комиссияныӊ құрамына өзгерістер енгізу жайы мен мәслихаттыӊ 2017 жылға арналған жұмыс жоспары, бірқатар өӊірлік кеӊестіӊ дербес құрамын бекіту сынды 25 мәселе қаралды.

Жиында "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ орындалуы бойынша баяндаған облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр Ұлттық қор есебінен 4 бағыт бойынша 49 нысанныӊ құрылысын жүргізу үшін 24 546,6 млн. теӊге қаралғанын мәлім етті. Оныӊ айтуынша, бүгінге дейін аталған қаржыныӊ 22 881,7 млн. теӊгесі игерілген. Ал, қалған 1664,9 млн теӊгесі жыл соӊына дейін толық жұмсалатын болады.

Жыл басында өӊірімізде жалпы құны 12 млрд. 973 млн. теӊгені құрайтын 26 мектеп пен 1 балабақшаныӊ құрылысы жүргізіліпті. Бағытталған қаржыныӊ 98 пайызы игеріліп, нәтижесінде 9 мектеп пен 1 балабақша пайдалануға берілген. "Ал қалған 17 мектептіӊ құрылысы 2017 жылдыӊ еншісіне қалып отыр", - деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ Ербол Садыр мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы жыл соӊына дейін толығымен игерілетінін жеткізді.

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихатыныӊ кезекті сессиясында өӊірдіӊ өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар халық қалаулылары Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны