09.09.2025, 19:53 20241
Осы жылдың соңына дейін құрылыс бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылмақ - 2025 жылғы Жолдауды жүзеге асыру жоспары
Достарға айту
Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру және саланы цифрландыру бойынша жұмыстарға назар аудартты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Елімізде жаңа тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып қана қоймай, олардың сапасына да баса мән беру керек. Осы ретте жасанды интеллектіні қолдана отырып, ғимараттарды ақпараттық модельдеу құралын қолдану қажет.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне биылғы жылдың соңына дейін құрылыс бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосуды тапсырамын.
Сондай-ақ министрлік Құрылыс кодексінің жобасына қатысты барлық мәселелерді депутаттық корпуспен жедел пысықтауды қамтамасыз етсін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.02.2026, 08:10 22021
Мәжіліс ғалымдарға академиялық еркіндік беретін заң жобасын талқылайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттар ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылап, Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялауы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Сонымен Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қарайды. Бұл құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесін айқындау, олардың академиялық еркіндігі мен шығармашылық еркіндігін, құқықтарының кепілдіктерін бекіту, сондай-ақ ғылыми қызмет бағыттарын өз бетінше жоспарлау және таңдау құқығы қамтылып отыр.
Сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамға шамадан тыс аудиториялық жүктемені шектеу енгізіледі. Ғылыми зерттеу жүргізу мерзімдерін бекіту, оларды қаржыландыру тәртібі, сондай-ақ оқушыларға олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына дайындалу үшін ғылыми инфрақұрылымды пайдалану құқығын беру жөніндегі нормалар ұсынылады. Заң жобасында композиттік қызметті енгізу есебінен дәрілік заттарды тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібін енгізу, референс-зертханаларды реттеу тәртібін айқындау және өзге де нормалар көзделеді.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы келісімді қарайды. Бұл келісімді Мәжіліс 4 ақпан күні жұмысқа алған болатын. Сол кезде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева 2025 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында рәсімделгенін айтты.
- Келісім Қазақстан мен Аустрия аумақтарында ұлттық заңнаманы бұзған адамдарды қабылдау және транзиттеу мәселелерін реттейді. Келісімді ратификациялау екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қолайлы жағдайларын қамтамасыз етеді және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттырады. Келісім Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңына сәйкес ратификациялауға жатады, - деген еді Мәжіліс депутаты.
Бұдан бөлек, депутаттар әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызметті, педагог мәртебесі мен білім беруді жетілдіру, сондай-ақ педагог мәртебесі бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселелері туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.
Айта кетейік, бұған дейінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
- Бүгінгі таңда газ саласы Қазақстан үшін бір мезгілде үш маңызды міндетті атқарып отыр. Біріншіден, тауарлық газ - шектеулі әрі стратегиялық ресурс, оны тиімсіз пайдалану болашақта энергетикалық және экономикалық тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда елімізде газдың ресурстық базасы шамамен 3,8 трлн текше метрді құрайды. ал жылдық өндіру көлемі 60 млрд текше метрдің айналасында, - деді заң жобасын таныстырған мәжілісмен Еділ Жаңбыршин.
Оның айтуынша, екіншіден, елімізде газ көмірге қарағанда экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза энергия көзі ретінде климаттық күн тәртібіндегі міндеттерді орындауда маңызды рөл атқарады.
- Үшіншіден, бұл - елді газдандыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірлер арасындағы әлеуметтік теңгерімді қамтамасыз ету құралы. Газдың жылдық өндіру көрсеткіштер сырттай жеткілікті көрінгенімен, бүгінгі күні мемлекеттің ішкі тұтыну көлемі 21,6 млрд текше метрге жетті. Қазіргі таңда елімізді газдандыру деңгейі 64,2 пайызды құрап отыр, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, заң жобасын Мәжіліс қабылдаған жағдайда Жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю станцияларының шекті санын белгілеу құқығы беріліп,газ тұтыну нормадан асқан жағдайда баға белгілеуде сараланған тәсіл қолданылылады.Газды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі қалыптастырылып,жаңа автогаз құю станциялары сыйымдылықтарды жер астына орналастыруға міндеттеледі.
Сонымен қатар депутаттар Қазақстан мен Перу Республикасының ынтымақтастығына қатысты үш заңды қабылдады.
Бірінші қабылданғаны - "Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Заң. Шарттың негізгі мақсаты - тараптардың өзара ынтымақтастығы мен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстың алдын алу, тергеу, қылмыстық қудалау және жолын кесу тиімділігін арттыру.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметінше, құжат аясында өзара құқықтық көмек ақпарат беруді, адамдарды анықтауды, іздестіруді, тінтуді және жауап алуды, сараптама жүргізуді, дәлелдемелер беруді, сондай-ақ тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген көмектің басқа да нысандарын қоса алғанда, бірқатар шараны іске асыруды көздейді.
Екіншісі - "Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Заң.
Шарттың негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өздері азаматтары саналатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындау мәселелерінде тиімді ынтымақтастық орнату. Құжат бойынша бір тараптың аумағында сотталған адам белгіленген жазаны өтеу үшін екінші тараптың аумағына берілуі мүмкін.
Қабылданған үшінші құжат - "Қазақстан мен Перу арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Заң.
Шарт тараптардың аумағында жүрген, ұстап беруге алып келетін қылмыстары үшін қылмыстық қудалау мақсатында немесе соттың заңды күшіне енген үкімін орындау үшін іздеуде жүрген кез келген адамды ұстап беру бөлігінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Құжатта адамдарды ұстап берудің және одан бас тартудың нақты негіздері қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 18:11 3446
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Президент оған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешу үшін британиялық менеджермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 17:49 3851
Жобалық кеңсенің отырысында ЖЖМ импортын ҚҚС-тан босату, бау-бақша кооперативтеріне салық салу және өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен өзара іс-қимыл мәселесі қаралды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің алтыншы отырысында жаңа Салық кодексінің нормаларын имплементациялау мәселесінің кезекті тобы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бау-бақша қоғамы: ҚҚС бойынша есепке тұру керек пе?
Отырыста бау-бақша кәсіподақтарының өтініштері қаралды. Бау-бақша қоғамдары тұтыну кооперативі түрінде коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеледі. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінің 40 млн теңгеге дейін төмендеуіне байланысты, ҚҚС төлеуші болу міндетті ме деген сұрақ туындап отыр.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов түсіндіргендей, тұтыну кооперативі дегеніміз - жалпы шығынды жабу үшін мүшелік жарна есебінен ортақ қор құратын азаматтардың бірлестігі. Мұндай жарна тауар немесе қызмет үшін төлем болып саналмайды, яғни ҚҚС бойынша салық салынатын айналым деп танылмайды. Тиісінше, мүшелік жарнаны алған кезде ҚҚС пайда болмайды да, мұндай жарна бойынша шот-фактура жазылмайды. Осы себепті, ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттілігі жоқ.
ҚҚС бойынша міндет кооператив қосымша кәсіпкерлік қызмет жүргізіп, тауарды немесе қызметті сатудан кіріс алған жағдайда ғана туындауы мүмкін.
Егер қызмет жарна жинаумен және оны кооператив мүшелерінің қажеттілігіне жұмсаумен шектелсе, салық салынатын табыс пайда болмайды.
ЖЖМ импорты кезінде ҚҚС-тан босату
Жиында халықаралық тасымалдау кезінде әуе кемелері пайдаланатын жанар-жағармай материалы импортын ҚҚС-тан босатуды көздейтін Салық кодексінің 479-бабының нормалары талқыланды. Ол дипломатиялық немесе консулдық мекемелер тарапынан отынды мақсатты пайдалану туралы қосымша растауды көздейді. Отырысқа қатысушылар мұндай талаптарды артық деп таныды. Артық бюрократияны болдырмау үшін бұл шарт қолданылмайды.
Резидент еместердің қызметі бойынша шот-фактура
2026 жылдан бастап резидент еместерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде шот-фактура жазып беру талабы енгізіледі. Бұл ретте ҚҚС төлеуші мен төлемейтіндер үшін тәртіп әр түрлі. Мемлекеттік кірістер комитеті жақын арада осы нормалардың іс жүзінде қолданылуы жөнінде ресми түсініктеме береді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жұмыс істеу кезіндегі шығыстар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өндірісін растау
Ұзақ қарастыруды және жан-жақты талдауды талап ететін жүйелік мәселе ретінде, ЖШС-ның мүмкіндігі бойынша жалпыға бірдей белгіленген режимде КТС бойынша шығысты, егер тұлға бір мезгілде осы серіктестіктің құрылтайшысы болып табылса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғамен шартқа сәйкес, шегерімге жатқызу мәселесі қаралды.
Қазіргі уақытта Салық кодексінде мұндай шығысты шегерімге жатқызуға тыйым жоқ. Жеке тұлғаның (оның ішінде құрылтайшының) қосымша мәртебесі шегерімнен бас тартуға негіз болмайды.
Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін режим бастапқыда өзге кәсіпкерлік қызметті жүргізбейтін адамдарға арналғаны атап өтілді. Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шартпен алмастыруға жол берілмейді.
Бұл мәселе Жобалық кеңсенің келесі отырысында да қаралады.
Сондай-ақ, арнайы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының өнім өндірісін растау мәселесі талқыланды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін сату кезінде сұр импортты болдырмау үшін қажет. Егер мал шаруашылығында малдың шығу тегі ақпараттық жүйе арқылы расталса, егін шаруашылығында қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Растау механизмі нақтылауды қажет етеді. Мәселе бейінді мемлекеттік органмен бірлесіп пысықталып, Жобалық кеңсесінің кезекті отырысына шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 14:47 3916
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады
Достарға айту
ҚР Президентінің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаражат 1:50 000 масштабындағы екінші буынды (ГС2-50) 20 геологиялық түсірілім жобасын жүзеге асыруды бастауға бағытталады. Жұмыстар шамамен 100 мың шаршы шақырымды қамтиды, бір учаскенің орташа ауданы шамамен 5 мың шаршы шақырым. ГС2-50 бағдарламасы заманауи геофизикалық, қашықтықтан және геохимиялық зерттеу әдістерін, сондай-ақ деректерді терең цифрлық өңдеуді қолдануды қарастырады. Бұл өзекті геологиялық карталарды қалыптастыруға және перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Биыл аэрогеофизикалық және далалық жұмыстар, соның ішінде геохимия, бұрғылау және арықтар қазу жоспарланған. Дала жұмыстары маусымының қорытындысы бойынша сынамаларға алдын ала зертханалық талдау жүргізілетін болады. Болжамды ресурстарды нақтылай отырып, анықталған және бұрын белгілі кен аймақтары мен перспективалы алаңдарды мамандандырылған зерттеуге, сондай-ақ болжамды ресурстарды есептей отырып, кен алқаптарын бағалауға ерекше назар аударылады. Алынған нәтижелер егжей-тегжейлі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болады.
Геологиялық түсірілім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарының аумақтарын қамтиды. Сондай-ақ Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай аумақтарында зерттелмеген мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейндердің 2D сейсмикалық барлау жұмыстарының 6 жобасын жүзеге асыру көзделген. Қазіргі уақытта олардың геологиялық зерттеу деңгейі көмірсутектердің мұнай-газдың жеткілікті мөлшері мен ресурстық әлеуетін сенімді бағалауды қамтамасыз етпейді. Сейсмикалық барлауды жүргізу мұнай мен газ кен орындарын локализациялау үшін перспективалы құрылымдарды анықтауға, сондай-ақ олардың әлеуетті көлемін бағалауға мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыстар - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, геологиялық барлау саласын дамыту және жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін негіз қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
Барлық жобаларды 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы, үш жылдық кезеңде мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге немесе $500 млн қарастырылған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру ел аумағын геологиялық зерделеу деңгейін арттыруға, одан әрі зерттеу үшін перспективалы учаскелерді анықтауға және Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 13:11 3511
Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Қазақстан аумағында 700-ден астам бұлақ анықтады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар қор және архив материалдары негізінде ел аумағындағы 2 772 бұлақты қамтитын карта жасалған. Айта кетейік, бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында қосымша су көзі ретінде қарастырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ауызсу және техникалық сумен жабдықтау, суару және өзге де мақсаттарға арналған жерасты суының 4 803 кен орны барланған. Мемлекеттік баланс бойынша тәулігіне 43,2 млн текше метр көлеміндегі пайдалану қоры тіркелген. Оның ішінде қазіргі таңда шамамен 1,5 млн текше метр немесе 3,6% ғана пайдаланылып отыр.
Атап айтқанда, шаруашылық-ауызсуға арналған қор тәулігіне 21,2 млн текше метр. Өндірістік-техникалық қажеттіліктерге арналған қор тәулігіне 2,4 млн текше метр, ал суару мақсатында тәулігіне 19,6 млн текше метр қарастырылған.
Қазақстанда жерасты суына арналған мемлекеттік мониторинг желісі жұмыс істейді, оған шамамен 4 мыңға жуық бақылау ұңғымасы кіреді. Олар су деңгейін, температурасын және сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Гидрогеология саласын цифрландыру мақсатында мониторингтік және пайдалану ұңғымаларын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 12:44 3971
Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Қордың 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есепті кезеңдегі өндірістік және қаржылық қызметтің нәтижелерін бяндады. Мәселен, газды тасымалдау бір жылда 9%-ға, жүк айналымы 5%-ға, мұнай мен газ конденсатын өндіру 3%-ға өскен. Қаржылық тұрақтылық пен инвестициялық динамикаға ерекше назар аударылуда. 2025 жылғы бағалау бойынша Қордың кірісі 19,1 трлн теңгені, EBITDA 5,4 трлн теңгені, таза пайда 2,1 трлн теңгені құрады. Басқарудағы активтер $88 млрд-қа дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға өскені атап өтілді. Өсім инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және таза пайданы ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.
Директорлар кеңесі сондай-ақ жалпы құны 52 трлн теңге болатын, экономиканың басым салаларын, соның ішінде энергетика, көлік, мұнай-газ секторы және басқа бағыттарды қамтитын 120 жобадан тұратын топтың инвестициялық портфелін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратын тыңдады. Жобаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүргізіледі. 2025 жылы Қор компаниялары отандық өндірушілермен шамамен 2,2 трлн теңгеге (2024 жылы - 1,1 трлн теңге) 9 мыңға жуық шарт жасасып, өсім 98%-ды құрады. Сондай-ақ 2025 жылы жалпы сомасы шамамен 260 млрд теңгеге 363 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30%-ға артық.
2025 жылы "Самұрық-Қазына" АҚ жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 10 жобаны аяқтады. Олардың қатарында жылына 750 мың тоннаға дейін өнім өндіру қуатымен CASPI BITUM өндірісін кеңейту, тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту қуаты бар Кендірлідегі тұщыту зауыты, "Достық - Мойынты" теміржол желісінің екінші жолдарын салу, сондай-ақ контейнерлік инфрақұрылымды дамыту және өнеркәсіптік өндірісті локализациялау жобалары бар.
2026 жылы энергетикалық, көлік, цифрлық және өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға, транзиттік әлеуетті нығайтуға әрі Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
Нұрлан Жақыпов Кеңес мүшелеріне 2026 жылы еліміздің ЖІӨ-нің өсіміне оң әсер ететін жоспарланған инвестициялық шығындар 5,3 трлн теңгені (2025 жылы - 2,7 трлн теңге, 2024 жылы - 2 трлн теңге) құрайтынын хабарлады. Бұл қаражатқа жаңа қуаттарды іске қосуға көзделген, олардың ішінде Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Түркістандағы БГҚ, Каспий теңізінің түбіндегі Транскаспий талшықты-оптикалық желісі және тағы басқалар бар.
Премьер-министр Қор басшылығына ірі жобалардың жүзеге асырылуын күнделікті тікелей бақылауда ұстауды тапсырды.
Базалық инфрақұрылымды: энергетикалық, көліктік, цифрлық инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалар ерекше бақылауды талап етеді. Барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.02.2026, 10:23 32401
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Достарға айту
Құрметті отандастар!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.
Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді.
Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну - үлкен имандылықтың белгісі.
Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ.
Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады.
Біз дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатырмыз. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі.
Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз.
Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 14:46 124281
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қосымша медициналық білім беру ұйымдарын бақылауды күшейтуде
Достарға айту
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырудың жаңа қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қабылданған шаралар медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және білім беру алаңдарын бақылауды күшейтуге бағытталған.
Енді ұйымдардың тізбесін уәкілетті орган: дәрігерлерді оқытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін және орта медициналық персоналды даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдар үшін екі бағыт бойынша бөлек қалыптастыратын болады.
Тізбеге енгізудің міндетті шарты қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыру ұйым қызметінің түрлеріне кіретінін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы болып табылады.
Жаңа талаптар білім беру орталықтарының инфрақұрылымы мен ресурстық қамтамасыз ету өлшемшарттарын едәуір күшейтеді. Міндетті аккредиттеуден, бекітілген оқу бағдарламаларынан және халықаралық ақпараттық дерекқорларға қол жеткізуден басқа, ұйымдар қосымша шарттарға сай болуы керек.
Олардың ішінде - білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) ғылыми ұйым мәртебесінің, өзінің клиникалық базасының не тыңдаушыларды практикалық даярлау үшін аккредиттелген медициналық ұйымдармен шарттардың болуы. Сондай-ақ заманауи симуляциялық жабдықтың, зертханалық базаның, компьютерлік технологиялардың міндетті түрде болуы және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылуы көзделген.
Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі тексерулерді қоса алғанда, ұйымдар қызметінің жүйелі мониторингі арқылы тізбені тұрақты өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Біз мәлімделген материалдық-техникалық база мен клиникалық ресурстардың нақты жағдайға сәйкес келетініне көз жеткізуіміз керек. Бұл медициналық мамандарды даярлаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмайтын ұйымдардың тізбесінде болуын болдырмауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ведомствода.
Жаңа нормаларды енгізу білім беру орталықтарын іріктеудің ашық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді және медицина қызметкерлерінің қажетті ғылыми әлеуеті, заманауи жабдықтары және толыққанды клиникалық базасы бар ұйымдарда ғана біліктілігін арттырудан өтуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Қабылданған өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.02.2026, 10:27Алматы қорығында барыстың төлдері видеоға түсірілді
26.02.2026, 17:47 55896Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 55701Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 55341Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 20:53 55121Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі26.02.2026, 21:55 54901Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
09.02.2026, 22:39 224521Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210926Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210801Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210766Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210691Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

