15.12.2010, 17:27 4454

Парламент ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының cот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының cот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың заңнама және құқық мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында, аталмыш заң жобасы еліміздің сот жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленгендігі және де ҚР Президентінің 2010 жылдың 17-тамызындағы "Құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы мен 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық концепцияны жүзеге асыруға бағытталғандығы атап көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны