15.01.2009, 15:38 3206

Парламент "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Парламент "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы демократиялық үдерістерді ілгерілетуге, Қазақстан саяси жүйесін одан әрі дамытуға және қоғамдық қатынастардың барлық салаларында саяси партиялардың рөлін арттыруға, сондай-ақ саяси партиялардың іс-қимылында ұйымдастыру-құқықтық мәселелерін жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы саяси партияларды тіркеу рәсімдерін оңайлатып, саяси партияны тіркеу үшін талап етілетін жақтастар санын 50 мың адамнан 40 мың адамға дейін азайтуды, аймақтық талапты 700 ден 600-ге дейін төмендетуді қарастырады.

Саяси партияның құрылтай съезі (конференциясы) өткеннен кейін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі екі айдан төрт айға дейін көбейтілді.

Заң жобасында партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің (бастамашыл топтардың) мәртебесі мен қызметінің мерзімін реттеу мақсатында саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) әзірлеу және оны өткізу үшін ұйымдастыру комитетін құру міндеттілігі қарастырылады.

Заң жобасы сондай-ақ азаматтарға немесе ұйымдарға халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан грант немесе басқа да құралдарды алуға, саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдар мен өкілдіктерге) аударымдар беруге тиым салатын толықтыру ұсынады.

Конституция мен Бюджет кодексінің ережелеріне сәйкес келтіру үшін "Саяси партиялар туралы" заңның 18-бабының 1-тармағы саяси партияның қаржы көзі ретінде бюджет қаржысын қарастыратын жаңа 4 тармақпен толықтырылып отыр.

"Саяси партиялар туралы" заң сондай-ақ соңғы сайлау қорытындысы бойынша бюджет қаржысымен мәжіліске өткен саяси партияларды қаржыландыру тетіктерін реттейтін жаңа 18-1 баппен толықтырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны