07.06.2023, 14:22 13396
Премьер-министр ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысымен кездесті
Сурет: Primeminister
Достарға айту
6 маусым күні Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Тараптар ағымдағы ахуалды және ел экономикасының нақты, бюджеттік, қаржы секторларын дамыту жөніндегі шараларды, Қазақстанның орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатының басымдықтарын, Мемлекет басшысы жариялаған құрылымдық реформаларды жүргізуді, сондай-ақ климаттың өзгеруінен болатын зардаптарды жоюға бағытталған шараларды егжей-тегжейлі талқылады.
Премьер-Министр Қазақстан мен Қор арасында кең ауқымды экономикалық мәселелерді қозғайтын тығыз байланыстар орнатылғанын атап өтті. Атап айтқанда, республиканың қаржы секторын кешенді бағалау қарқынды жүріп жатыр, жақын арада Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі ХВҚ өңірлік орталығын ашу жоспарланып отыр.
Қазақстан мен ХВҚ арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығаруға болатынына сенімдімін", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министрдің айтуынша, сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын сақтап отыр, атап айтқанда қаңтар-сәуір айларында өсім 5%-ды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикаға соңғы 10 жылда $28 млрд деңгейінде тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды.
Сонымен қатар Үкімет ұлттық экономиканы одан әрі дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл фискалдық саясатты жақсарту мақсатында жаңа Салық және Бюджет кодекстері әзірленді, олар мұнайға қатысты емес тапшылықты ЖІӨ-нің 5%-на дейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Шаралар кешенін іске асыру есебінен 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін $100 млрд-қа дейін арттыру жоспарланып отыр", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстан баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңмен көшіп, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттырып жатқанын айтты.
Өз тарапынан Николя Бланше Қазақстан экономикалық саясатты, оның ішінде бюджет және қаржы секторларын нығайтуда елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.
Биыл экономикалық белсенділік өте жоғары. Біз инфляцияның төмендеп жатқанын байқадық және оны біртіндеп бақылауға алу үшін Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған түбегейлі шараларды атап өткіміз келеді. Соңғы үш жылда Қазақстан көптеген сілкіністерді бастан өткерді, соған қарамастан қиындықтарға төтеп бере алғанын көріп отырмыз", - деді Николя Бланше.
Ол Халықаралық валюта қоры даму реформаларын іске асыруда Қазақстанды одан әрі қолдауды жоспарлап отырғанын айтты.
Біз Қазақстанмен қатар бүкіл өңірге қолдау көрсете алатын осындағы Әлеуетті дамыту орталығының жұмысын жандандыра отырып, түрлі жолдар мен форматтар арқылы сіздердің елдеріңізбен стратегиялық әріптестікті дамытуға дайынбыз", - деді Николя Бланше.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.09.2023, 17:58 50161
Қазақстанда автомобиль өндірісі 28 пайызға өсті
Экспорт екі есе өсіп, 3,8 миллиард долларға жетті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Mercedes-Benz Group компаниясының басқарма төрағасы Ола Каллениуспен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде автокөлік индустриясы және инновациялық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
✔️Президент Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға және өнеркәсіп өндірісін дамытуға ұмтылатынын атап өтті. Бұл стратегияда машина жасау саласы ерекше орын алады.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде General Electric, General Motors, Chevrolet, Kia және Hyundai секілді танымал әлемдік компаниялар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстанда өндірілген автомобиль саны 100 мыңнан асып, 28 пайызға ұлғайған. Экспорт екі есе өсіп, 3,8 миллиард долларға жеткен.
✅ Неміс автоконцернінің басшысы Президентке компанияның жаһандық жеткізу тізбегін дамыту ісіндегі тың тәсілдер және Қазақстан экономикасы үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы мәлімет берді.
▪️Mercedes-Benz Group - әлемдегі автокөлік өндіретін жетекші компаниялардың бірі. 2022 жылы компания 2,5 миллионға жуық автомобиль құрастырып шығарған.
▪️Былтыр Mercedes-Benz Group әлемдегі ең ірі компаниялардың Forbes Global 2000 тізімінде 41-орынға, ал Fortune Global 500 тізімінде 38-орынға ие болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.09.2023, 17:26 50901
"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды
Достарға айту
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы АҚ (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп", "ҚАӨ" немесе "Компания") 2023 жылғы 28 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Компания басқармасы құрамындағы мынадай өзгерістерді мақұлдағанын хабарлайды.
Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен "KAZAKH INVEST" басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Юсупов мырза Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысы болып тағайындалды.
Компанияның Директорлар кеңесінің атынан мен Мұқанов мырзаға геосаяси белгісіздік кезеңінде оның тиімді жұмысы мен Компанияны басқарғаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. - Ержан Мұқановтың басшылығымен Қазатомөнеркәсіп өндірістің жоғары тиімділігін көрсетуді жалғастырды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын кеңейту оның басшылығымен орындалған маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Директорлар кеңесі Мұқанов мырзаға Компанияның ұзақ мерзімді құндылық жасауға бағытталған стратегиясына көрсеткен адалдығы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта барлық жақсылықты тілейді.
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаев мырзаның 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына кіруін мақұлдады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына мыналар кіреді:
* Мейіржан Юсупов, басқарма төрағасы (2023 жылғы 2 қазаннан бастап);
* Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;
* Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;
* Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
* Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;
* Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
* Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.09.2023, 13:28 55981
Үкіметте бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Қатысушылар республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 270 км "Бақты-Аягөз" теміржолының құрылысын, сондай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталықты "G4 City" жобасын іске асыру аясында ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отырыста "Қашаған" кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.09.2023, 12:57 56971
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан санкциялық текетіресті кері нәтиже деп санайды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Қазақстан "анти-Ресей"емес екенін мәлімдеді.
Қазақстан "антиресейлік" емес, біз әлемде ең ұзын шекара біріктіріп отырған Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанып келеміз. Сол баспасөз мәслихатында айтқанымдай, бізде әртүрлі салаларда, соның ішінде сауда және гуманитарлық байланыстардағы ынтымақтастықтың ежелден қалыптасқан дәстүрі бар. Санкцияларға келетін болсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының жақында өткен сессиясында және басқа да сөйлеген сөзімде санкциялық текетірес жаһандық дағдарыстың шиеленісуі жағдайында эрозияға ұшыраған халықаралық қатынастарды жақсарту тұрғысынан мүлдем кері нәтиже беретінін атап өттім.
Қазақстанда санкциялық шектеулерге жататын тауарлар жоқ. Қазақстан сондай-ақ Ресейге параллель деп аталатын импортқа қатыспайды. Дәстүрлі тауарлар саудасына келер болсақ, ол өсіп, өткен жылы Қазақстан - Ресей тауар айналымының көлемі 25 млрд долларға жетті.
Жақында Астанада "Иннопром" көрмесі сәтті өтті. Оған премьер-министр Михаил Мишустин бастаған ресейлік делегация келді. Бұл ретте Қазақстан санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүр және бұл мәселе бойынша тиісті халықаралық ұйымдармен байланыста.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дипломаттарды Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік туралы келіссөздер үшін өзара қолайлы негіз табуға назар аудартқым келеді. Бұл өте маңызды. Өйткені әлем адамзаттың көпшілігі үшін салдары апатты болатын және өлімге әкелетін қақтығыстың қауіпті нүктесіне жақындады", деп жазады ҚазАқпарат президент баяндамасын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.09.2023, 12:07 57666
Қазақстан Германияға жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайтады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті мен Германияның Федералдық канцлері жоғары деңгейде өткен келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Берлинге сапармен келуге арнайы шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Олаф Шольцке ризашылығын білдірді.
Германия - Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі, әсіресе өзара сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар жолға қойылған. Сондықтан екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға баса мән береміз. Біз бүгін құрметті Канцлер мырзамен бірқатар маңызды мәселені талқыладық. Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға ерекше назар аудардық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жүргізілген келіссөздер қазақ-герман қатынастарын одан әрі нығайтуға екі тараптың ниетті екенін тағы да растағанын атап өтті.
Қазіргі жағдайда Қазақстан мен Германия екі елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне барынша прагматикалық тұрғыдан қарауы керек. Ол үшін біздің саяси ерік-жігеріміз бен орасан зор экономикалық әлеуетіміз бар. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына баса мән берілді. Біз екіжақты сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өттік. Экспорттық және импорттық тауарлар номенклатурасын одан әрі кеңейту үшін пәрменді шаралар қабылдауға уағдаластық", - деді Мемлекет басшысы.
Президент мұнай-газ химиясы, металлургия, көлік және логистика секілді перспективті салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қарастырылғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының жетекші еуропалық компаниялармен қол жеткізген уағдаластықтарын жоғары бағалады.
Бүгінгі кездесу қарсаңында Siemens, Deutsche Bahn, Siemens Energy, Linde және тағы да басқа негізгі серіктестермен маңызды коммерциялық келісімдерге қол қойылуын құптаймын. Бұл құжаттар мемлекеттеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы кооперацияны дамытуды басты басымдықтардың бірі ретінде атады.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстан жыл басынан бері Германияға "Достық" мұнай құбыры арқылы 500 мың тонна мұнай жөнелтті. Мұның бәрі өзара келісімнің нәтижесінде жүзеге асты. Германиялық достарымыздың өтініші бойынша жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайтуға, оның ұзақмерзімді болуын қамтамасыз етуге еліміздің дайын екенін растадым", - деді Мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде екі елдің өзара ықпалдастығын кеңейтетін жаңа мүмкіндіктерге де тоқталды.
Қазақстан мен Германияның бәсекелестіктегі артықшылықтарын "шикізат, өнеркәсіп және технология" формуласына сай үйлестіру екі тарап үшін синергетикалық тұрғыда айтарлықтай тиімді болмақ. Мен Канцлерге Шикізатты игеру жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін консорциум құруды ұсындым. Біз жаңартылатын энергия көздеріне, әсіресе, "жасыл" сутегіне қатысты немістің озық технологиялары мен ғылыми жетістіктерін трансферт жасауға мүдделіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Транскаспий көлік бағдарының транзиттік қуатын арттыру, сондай-ақ оны Трансеуропалық көлік желісімен (ТEN-T) және Global Gateway бастамасымен ұштастыру үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, агроөнеркәсіп секторындағы, сондай-ақ қаржы, инновация, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін мол мүмкіндік бар.
Бүгінде экономикалық жобаларды қаржыландыру аясында біз Deutsche Bank, Euler Hermes, KfW секілді банктермен, сондай-ақ аймақтық қаржы құрылымдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Осы тізімді кеңейту үшін неміс қаржы институттарын барынша тығыз ықпалдастық орнатуға шақырамыз", - деді Президент.
Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа да айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы жаңа қазақ-неміс білім беру мекемелерінің құрылуын, атап айтқанда, биыл маусым айында Ақтау қаласында Қазақстан-Германия орнықты инженерия институтының ашылуын құптайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейін сақтау үшін Германия Канцлерін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Федералдық канцлер Олаф Шольц өз сөзінде Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ энергетика, орнықты даму, цифрландыру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін айтты.
Бұдан бөлек, Канцлер Германия мен Еуропа Одағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды толық қолдайтынын мәлімдеді.
Қазақстан мен Германия басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы жөнінде, Украина төңірегіндегі қақтығыстарға қатысты сұрақтар қойылды.
Шын мәнінде, Қазақстан мен Ресейдің арасын әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара бөліп жатыр. Елдеріміз арасында сауда, гуманитарлық байланыстар бойынша дәстүрлі ынтымақтастық орнаған. 2013 жылы екі ел Одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойды. Украинадағы қақтығысқа келер болсақ, Қазақстан әскери іс-қимылдардың тез арада тоқтатылуын және БҰҰ Жарғысы негізінде бейбіт келіссөз жүргізілуін жақтайды. Мен бүгін құрметті Канцлер мырзаға жағдайдың шын мәнінде өте күрделі екенін айттым. Ресей де, Украина да келіссөз жүргізуге дайын екенін растайды. Алайда келіссөздің қандай алаңда жүргізілетіні әзірше белгісіз. Сондықтан парасатты, салмақты, салиқалы дипломатияның кезеңі туады деп ойлаймын. Олар бірін-бірі айыптауды доғарып, екі жаққа да тиімді келіссөздің жолын табуы керек. Қазақстан Украина қақтығысын шешудің қандай да бір жолдарын ұсынып жатқан өзге елдер мен мемлекеттер тобының күш-жігерін қолдайды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті шараны қабылдаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.09.2023, 16:57 85936
Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін
Достарға айту
Бас прокуратурада жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
А.ж. 28 қыркүйегінде Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Талқылау барысында соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) тіркелгені, онда 100 мыңға жуық адам зардап шеккені айтылды. Күн сайын автокөлік апаттарында бірнеше адам жарақат алып, қаза табады.
Апаттардың төрттен бірі жылдамдық режимінен асып кету нәтижесінде болды. Сондай-ақ, ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзу, соның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару, бақылаусыз мал жаю салдарынан орын алды.
Көбінесе жаяу жүргіншілердің өздері көлік оқиғаларына кінәлі болады. Осы жылдың өзінде 233 ЖКО орын алып, 40 адам қаза тауып, 155 адам түрлі жарақат алды.
Ахуал жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, әсіресе қала маңындағы жолдардың, сапасыз және жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен күрделене түседі.
Мысалы, Қарағанды - Балқаш тас жолының учаскесін (ұзындығы 362 км) реконструкциялаудың ұзақ уақытында 2019 жылдан бері 99 ЖКО орын алды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет. Көлік жүргізу тәртібін бірлесіп арттыру, кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау", - деп атап өтті Берік Асылов.
Талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне бейінді министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселелерін пысықтау, қажетті жол белгілерін орнатуды және жол құқық бұзушылықтарын тіркейтін автоматты камералар желісін кеңейтуді қамтамасыз ету ұсынылды. Оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады.
Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінің тізілімін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды дәйекті шешу ұсынылды.
Сондай-ақ ережелерді өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне түзетулерді пысықтау туралы мәселе көтерілді.
Жалпы, жол апатын азайту үшін еліміздің жолдарындағы жағдайды түзетуге бағытталған бірқатар басқа ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.09.2023, 16:46 86136
ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды
Сурет: Akorda
Достарға айту
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.09.2023, 16:38 86371
Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда мегаполис әкімінің тапсырмасы бойынша энергетикалық инфрақұрылымның 2023-2024 жылыту қысқы кезеңіне дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды. Бүгінгі таңда барлық қазандық 100% дайын, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда жылыту маусымы қарсаңында 9 ірі және 75 шағын қазандыққа жөндеу жұмыстары аяқталды. АЖКЭ қалалық қазандықтарынан барлығы 141 мыңнан астам тұтынушы жылумен қамтамасыз етіледі.
Жылу генерациялау нысандарын жоспарлы реконструкциялау аясында жылуаралық кезеңде 7 қазандықта 12 су жылыту қазандығы, 19 қазандықта 41 айналмалы механизм (түтін сорғылары мен сорғылар) ауыстырылды. Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан 3 жалпы білім беретін мектепті, 2 балабақшаны және 1 Қалалық клиникалық аурухананы жылытатын 4 қазандыққа жаңа жабдық орнатылды.
Есептеулер көрсеткендей, биыл жыл соңына қарай Алматыда қазандық жабдықтарының тозуы 1,2%-ға азаяды.
Сонымен қатар, қазандықтарды уақытылы реконструкциясы мегаполистің экологиясына жағымды әсер етеді. Бүгінде жылу энергиясын өндіру үшін АЖКЭ қазандықтары, бір жергілікті қазандықты қоспағанда, тек табиғи газды пайдаланады. Мониторингке сәйкес, көгілдір отынды пайдалану соңғы 5 жылда атмосфераға шығарындылар көлемін 2 еседен астам азайтты, деп хабарлайды "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС.
Кесте бойынша "АлЭС" АҚ энергия жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1-ЖЭО-да жұмыстар қазан айында аяқталады. ЖЭО-2 және Каскад ГЭС осы жылдың қараша айында жөндеуді аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, екі нысанда жаңғыртуды жалғастыру жылу беру көздердің маусымға дайындығына әсер етпейді. Яғни, жұмыс параллель жүреді.
Қазіргі уақытта көмір мен мазуттың жоспарлы жинақталуы жүріп жатыр. Газ ЖЭО-1 мен батыс жылу кешенінің бұрылысы басталғаннан бастап қажетті мөлшерде пайдаланылады.
Ганди көшесі бойындағы Қозыбаев көшесінен Бостандық ауданындағы Оңтүстік-шығыс аудандық қазандығына (Қаратаев көшесі, 38Б) дейінгі жылу магистралін; Есенов-Колпаковский көшесіндегі Раскова көшесінен Жетісу ауданы №14 лицей мектебінің ғимаратына дейінгі жылу желілерін; Уәлиханов көшесінен Медеу ауданы Абдуллиндер көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесіндегі жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жолдардағы шектеулер алынып тасталды.
Жүргізілген жұмыстар қалалық қазандықтарда штаттан тыс жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтады, олар өндіретін жылу сапасын арттырады, техниканың тозу пайызын айтарлықтай төмендетеді, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Қалған реконструкциялау жобалары бойынша жұмыс жалғасып отыр, жоспар бойынша 30 қыркүйекте аяқталады. Атап айтқанда, "Мамыр" ш/а, Кіші Сайын көшесінің батыс жағымен, Қажымұқан көшесімен, Бродский-Казаков көшесімен, Құлагер ш/а, Айнабұлақ ш/а, Мұқатаев көшесіне, Лавренев көшесінің шығысында Дөнентаев көшесінен "Энергетик" ТП-ға дейін, Бөгенбай батыр көшесі, Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аулаішілік аумақтарда жылу желілерін салу туралы сөз болып отыр. Есқараев көшесіндегі қозғалыс шектелген, жұмыстарды осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр (2024 жылға ауысатын нысан).
Қалада үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары да аяқталды.
Алматы Су" желісі бойынша Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу, Жетісу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында жер жұмыстары, құбырларды төсеу және құдықтарды монтаждау жалғасып жатыр. Кәріз желілерін реконструкциялау - 2,7 км. сумен жабдықтау бойынша аталған аудандарда құбырларды төсеу және жалпы ұзындығы 43 км-ден асатын құдықтарды монтаждау қолға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.09.2023, 16:38Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын 28.09.2023, 16:46 86011ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:57 85811Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін26.09.2023, 21:03 60281Елордада балабақшалардағы 10 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды26.09.2023, 21:43 59516Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы
28.09.2023, 16:38 86246Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын28.09.2023, 16:46 86011ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:57 85811Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін08.09.2023, 17:29 705765 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді15.09.2023, 18:02 685862023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады