23.02.2023, 12:33 28421

Президент Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын мақұлдады

Президент Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын мақұлдады
Сурет: Depositphotos
Екінші жартыжылдықта қалада сейсмикалық аудит жүргізіледі

Алматы. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Кездесу барысында қалада сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


Айта кету керек, Алматы 9 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттардың 60%-ы қирауы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны