16.11.2022, 15:58 19011

Президент Алматының бірқатар қайраткерлерін марапаттады

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жұртшылығымен кездесуде қаланың бірқатар қайраткерлерін ордендермен және медальдармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды:
 
  • "Парасат" орденімен - Нысанбаева Любовь Владимировна – "Қазақстанның қала құрылысшылары одағы" ҚБ президенті, Алматы қаласы;
  • "Құрмет" орденімен - Дүйсенбаева Роза Айтжанқызы – "Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК дәрігері, Алматы қаласы;
  • "Ерлігі үшін" медалімен - Нұржаубаев ҚайратБекәлиханұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен - Мусаров Садыкжан Абдулович – "Hyundai Trans Auto" ЖШС өндіріс басшысы;
  • "Шапағат" медалімен - Төлепберген Әділхан Темірханұлы – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ магистранты, Алматы қаласы.
 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны