02.03.2022, 17:42 13771

Президент Қазақстанда заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Президент Қазақстанда заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды
Сурет: Ақорда
НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны