18.02.2022, 18:45 46676

Президент кезектен тыс NurOtan съезін шақырды

Президент кезектен тыс NurOtan съезін шақырды
Сурет: instagram/nur_otan
НҰР-СҰЛТАН. 18 АҚПАН - "Nur Otan" партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXII Съезді шақырды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXII съезді 1 наурызға шақыру туралы шешім қабылдады", - деді Оралов.

 
Оның айтуынша, съезге бүкіл аймақтардан делегаттар қатысады.
 

Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады", - деп түсіндірді атқарушы хатшы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны