11.09.2025, 12:23 112356

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті
Сурет: nationalbank.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк туралы ережені жаңартты, деп хабарлайды Inform.kz.

Ұлттық банк - Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті, сондай-ақ құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында қаржы нарығына, қаржы ұйымдарына және өзге детұлғаларға мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады",- делінген құжатта.


Ұлттық банк- Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі.

Құжатпен Ұлттық банктің функциялары кеңейтілді, төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің, ақша-несие саясаты комитетінің өкілеттігі айқындалды.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен 6 жыл мерзімге тағайындалады және Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан қызметінен босатылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны