Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан. 26 ақпан. Kazakhstan Today - "Астана" халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық талқылау форматында өткен жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесін жаңғырту жұмыстарының қорытындылары мен инвестиция тарту жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндады.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр шетел инвесторлары үшін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жүйелі шаралар жайында баяндама жасады.
Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти экономикалық өсім моделі және макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған реформалар туралы ой-пікірін ортаға салды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов өз баяндамасында BigData жүйесін қолдана отырып, ұлттық статистиканы қалыптастыру үдерісінің реинжиниринг тұжырымдамасымен таныстырды.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов кәсіпкерлік субъектілерді қолдау жөніндегі жедел шаралардың жаңа топтамасының әзірленуі жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар онлайн байланысқа шыққан Джордж Вашингтон университетінің профессоры, "Growth Dialogue" компаниясының басқарушы директоры Дэнни Лейпцигер, Жаһандық даму орталығының президенті Масуд Ахмед, "MIT Sloan" менеджмент мектебінің профессоры Атанасиос Орфанидис Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге және реформалар стратегиясын одан әрі дамытудың перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Жиын барысында жасалған әрбір баяндама бойынша қызу пікірталас болды. Отырыс қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы ұсынылған бастамаларды қолдап, оларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді
Арал қаласында 22989, Ақсу ауылдық округінде 1028, Жаңаталапта 424, Шиелі кентінде 22669, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанда барлығы 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді. Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59-ының сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді
Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды
Министрліктің басты басымдығы - азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстардың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады", - деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
Қазақстан 2028 жылғы келесі конференцияны өткізуге өтінім берген алғашқы елдердің бірі болды. 26 мамырда МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Астанаға келген кезде Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тиісті хатты табыстады. Шамамен екі апта бұрын жауап алдық - МАГАТЭ бұл іс-шараны Алматы қаласында, әрине, Ядролық физика институтының базасында өткізеді", - деді Саябек Сахиев.
Болашақта ол тек ғылым үшін ғана емес, радиофармпрепараттар өндіру үшін де жұмыс істеуі керек. Тіпті Қазақстанда микрочиптер мен жартылай өткізгіштер өндірісін дамытуға да мүмкіндік беруі мүмкін", - деп қорытындылады бас директор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 31701Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 26496Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 262012025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 23566Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
17.06.2026, 10:08 59296Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек16.06.2026, 09:44 56376ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 55181Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады15.06.2026, 17:34 54946Қазақстан ШЫҰ-ның рөлін нығайтуды қолдайды - СІМ15.06.2026, 17:31 54566Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
22.05.2026, 20:31 251811Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237516Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207946ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195021Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195006Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

