29.08.2025, 17:19 63341

Президент Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді

Президент Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді
Сурет: Akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.

Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі.

Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны