21.10.2022, 13:48 12741

Президенттің Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бірқатар елдердегі Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды.
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бірқатар елдердегі Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Ақорданың мәліметінше, Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
 
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
 
Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны