31.05.2022, 18:42 14651

ҚР ИИДМ әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану ережелері туралы еске салды

Ереже Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген.
ҚР ИИДМ әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану ережелері туралы еске салды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пилотсыз ұшу аппараттарын еліміздің әуе кеңістігінде пайдалану ережелері туралы еске салады. Ереже Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда. Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін", - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Осыған орай, еліміздің әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы техникалық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыратын ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің "Қазақстанның авициялық әкімшілігі" "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын" әзірледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны