01.11.2022, 13:32 41246

ҚР Үкіметінде кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
ҚР Үкіметінде кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Атап айтқанда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
 

Биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді", - делінген хабарламада.

 
Бұған дейін Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекеттік меншікке қайтарылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны