28.06.2022, 16:34 22121

ҚР Парламенті қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң жобасын қабылдады

ҚР Парламенті қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң жобасын қабылдады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Сенат депутаттары қаржы пирамидаларымен күрес мәселесіне қатысты заңдарды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Олар – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" заңдар.
 
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда қаржы пирамидалары қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан ол қаржы алаяқтығымен күресте қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызы зор екенін айтты.
 

Қабылданған заңдарда қаржы пирамидаларының жарнамасын қылмыс деп тану және оларды құрып, басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұл заңдар азаматтарды заңсыз қаржы және инвестиция жобаларына тартудан қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ жаңа нормалар қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді деп сенеміз", – деді Сенат Спикері.


Бұдан бұрын хабарланғандай, түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске және "Жарнама туралы" заңға қатысты болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны