08.06.2022, 16:05 11451

Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік: мәжіліс түзетулерді қабылдады

Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік: мәжіліс түзетулерді қабылдады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Парламент Мәжілісінде қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары мақұлданды. 
 
 "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Заң жобаларын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли таныстырды. 
 

Қарауға ұсынылған заң жобаларының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою және қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы алаяқтық қаржы пирамидаларының кеңінен таралуына депутаттардың жедел ден қоюы болып отыр", - деді Ю. Ли. 

 
Депутат аталған заң жобаларының қандай өзгерістер ұсынатынын түсіндірді: 
 
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру; 
 
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу; 
 
- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеу жасауын айқындау; 
 
- қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқықбұзушылықтардан ажырату; 
 
- сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың ақшасы мен өзге де мүлкін осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына тартуға қатысты қызметті жарнамалауға тыйым салу. 
 
Осылайша, түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске және "Жарнама туралы" заңға қатысты болады. 
 

Бастамашылық жасалған түзетулер азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен активтерін қорғау деңгейін едәуір арттыруға, қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметін ескертуге, қаржы пирамидаларын құру мен оларды жарнамалау кезіндегі құқықбұзушылардың іс-әрекетін неғұрлым нақты саралауға мүмкіндік беретін жинақы, нақты түзетулер болып саналады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, қаралып отырған заң жобаларын бірінші оқылымда қолдауды сұраймын", - деді Юрий Ли.

 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық үш блогер - Мейіржан Төребаев, Әзизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. Вайнер Саидбаев іздеуге жарияланды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны