06.05.2022, 15:48 24991

ҚР Президенті қайтыс Ұлы Отан соғысына қатысқан үш қазақстандықты марапаттады

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" 2022 жылғы 5 мамырдағы №889 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені; Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі; Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны