24.06.2022, 13:15 31541

ҚР Президенті ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорын қабылдады

Президент ҚР-дағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады.
ҚР Президенті ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорын қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАУСЫМ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. 
 
Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты.
 
Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты.
 
Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны