12.12.2022, 18:01 19861

ҚР Президенті Грузиямен сауда және көліктік өзара іс қимылды жандандыруды тапсырды

ҚР Президенті Грузиямен сауда және көліктік өзара іс қимылды жандандыруды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті

Астана. 12 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдап, Грузиямен сауда және көліктік өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
 
Сонымен қатар, Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

 
Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.
 

Сонымен қатар облыстағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу және тағы басқа мәселелер жөнінде мәлімет берілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді.
 
Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны