30.05.2022, 15:14 15321

Сапарбаев Президентке Жамбыл облысындағы әлеуметтік жобалардың іске асырылуы туралы баяндады

Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды.
Сапарбаев Президентке Жамбыл облысындағы әлеуметтік жобалардың іске асырылуы туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАМЫР - Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған "Асар", "Туған жерге тағзым", "Жомарт түлек" және "Бейбітшілік пен келісім" атты жобалар жайлы айтылды. Сонымен қатар Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген.
 
Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп алмай, одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ жергілікті билік пен ата-аналардың бірлесе отырып, балаларды еңбекке баулу ісін қолға алу туралы ұсыныстарын айтты.
 
Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны