13.01.2022, 15:28 48611

Сенат АҚШ-пен әуе қатынасы туралы келісімді мақұлдады

Келісім Америка Құрама Штаттарымен тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған.
Сенат АҚШ-пен әуе қатынасы туралы келісімді мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл құжат Қазақстан мен АҚШ-тың әрбір авиакәсіпорнына біздің елдеріміз арасында кез келген бір немесе екі бағытта рейстерді жүзеге асыруға, бір әуе кемесінің ұшуы шеңберінде рейстердің әртүрлі нөмірлерін біріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ елдер арасындағы әуе қатынасын жеңілдетуге бағытталған басқа да шаралар қарастырылған. Бұдан басқа, мұндай әуе кемелерін кедендік баждар мен алымдардан босату көзделеді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
 

Бүгін қаралған Келісім Америка Құрама Штаттарымен тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыруға, мемлекетіміздегі халықаралық авиарейстер санын көбейтуге мүмкіндік береді", – деді заң жөнінде пікірін білдірген Мәулен Әшімбаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, келісімде "ашық аспан" қағидаттары қарастырылған, оған сәйкес тараптар тасымалдаушылар саны, межелі пункттер мен жиіліктер бойынша шектеусіз ұшуды орындай алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны