03.03.2022, 17:15 39351

Тоқаев Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындады

Сенат депутаттары Берік Асыловтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне мақұлдады.
Тоқаев Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындады
Сурет: Генеральная прокуратура РК
НҰР-СҰЛТАН. 3 НАУРЫЗ - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты ҚР Бас прокуроры қызметіне тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалсын", - деп Президент Жарлығында айтылған.


Мемлекет басшысының өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Берік Асылов бұл лауазымға Ғизат Нұрдәулетовті ауыстырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны