28.04.2022, 16:55 11811
Сенатор Қазақстандағы биозертханалардың қызметіне түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, BSL-3 деңгейіндегі биологиялық зертханаларымыздың жұмысы туралы түсіндіре кеткім келеді. Біріншіден, олар екінші және үшінші топтағы аса қауіпті патоген микроорганизмдерге қарсы диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеумен айналысады. Яғни, өлім-жітім деңгейі жоғары бірінші топтағы аса қауіпті вирустар мұнда ерекшеленбейді", - деді Күрішбаев Сенатта "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасын талқылау барысында.
Сенатор бұл зертханалар Қазақстанға тиесілі екенін және өзекті экономикалық проблемаларды шешу үшін толық республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын айтты. Ол биозертханаларға шетелдік гранттар берілмейтінін және оларда шетелдік ғалымдар жұмыс істемейтінін атап өтті.
"Басқаша айтқанда, біздің зертханалар өз қызметінде шет елдерге есеп бермейді. Үшіншіден, бұл зертханалар құпия және жабық нысандар саналмайды, олардың жұмысы ашық және кез келген уақытта халықаралық сарапшылар тексеруі мүмкін", - деп қосты Күрішбаев.
Оның айтуынша, BSL-3 ғылыми зертханаларының құрылысын қазақстандық мамандар Қазақстан Үкіметінің бақылауымен жүргізген.
"АҚШ сарапшыларын ғылымның соңғы жетістіктері мен озық тәжірибелерді ескере отырып, осы зертханалардың биологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ғана тарттық", - деді ол.
Ақылбек Күрішбаев Қазақстан бактериологиялық, биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияға жауапты қатысушы екенін еске салды.
"Осы саладағы бірқатар маңызды бастама еліміздің Президенті Тоқаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін арнайы көпжақты орган - биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды. Осы заң жобасында Қазақстанда бактериологиялық, биологиялық және уытты қаруды әзірлеу, өндіру және оның қорларын жинақтау мақсатында патоген биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынатыны тағы да айтылады. Осыған байланысты, шетелдік саясаткерлердің Қазақстанның осы зертханалары шет мемлекеттер бақылауы бойынша әскери-биологиялық қызметпен айналыса алады деген мәлімдемесі мүлдем негізсіз екенін атап өткім келеді", - деп қорытындылады Күрішбаев.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.08.2026, 18:15 3511
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушыларды қосымша аккредиттеді
Достарға айту
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына тағы 405 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Байқаушылар 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан қатысады.
"Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан 405 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД миссиясынан 75 байқаушы, ТМД ПАА-дан 23 кандидат, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 208 байқаушы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан 23 байқаушы, Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясынан 10 кандидат, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының миссиясынан 22 адам, ШЫҰ миссиясынан 11 кандидат, АӨСШК-ден 9 байқаушы, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымынан 7 адам, сондай-ақ Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд және Тәжікстаннан 17 кандидат бар", - деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.
Ол халықаралық байқаушыларды аккредиттеу әлі жалғасып жатқанын және ұсыныстардың түсуіне қарай мәліметтер жаңартылатынын атап өтті.
Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына Орталық сайлау комиссиясы 656 байқаушыны аккредиттеді.
Бүгін сондай-ақ жеті партияның төрағалары қорытынды теледебатты қашан және қайда өткізетіні белгілі болды.
Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген еді.
Құрылтайдың алғашқы құрамының депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 17:01 3716
Жеті саяси партияның төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебат өткізеді
Достарға айту
Қазақстанда тіркелген жеті саяси партияның төрағалары Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды теледебатқа қатысады. Пікірсайыс 19 тамызда 24KZ телеарнасында өтеді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік дебат өтетін алаң мен оның форматы сайлау заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалғанын мәлім етті. Барлық қатысушыға тең жағдай жасау негізгі қағидаттардың бірі болмақ.
"Оларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі қандай да бір саяси партияға немесе оның кандидаттарына артықшылық бермеуге тиіс. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша "Хабар" агенттігі" АҚ-ның 24KZ телеарнасы қорытынды дебат өткізілетін алаң болып белгіленді", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
ОСК мәлімдеуінше, 24KZ телеарнасы техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпараттық қамту ауқымының кеңдігіне байланысты таңдалды.
Теледебат төрт раундтан тұрады: "Партияны таныстыру", "Оппоненттерге сұрақтар", "Көрерменден сұрақтары" және "Сайлаушыларға үндеу".
Тіркелген жеті саяси партияның төрағалары теледебатқа қатысатынын растады.
Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 15:45 4641
Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінің жалғасып келе жатқандығына байланысты Каспий маңы елдерін өзара ынтымақтастықты күшейтуге шақырды. Бұл мәселе Иранда Каспий теңізі күніне және теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына арналған конференцияда талқыланды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Онталап Оналбаев. Қатысушылар қатарында Иранның Вице-президенті - Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Шина Ансари, Иран Парламентінің, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус пен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері болды.
Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі Каспий теңізі деңгейінің одан әрі төмендеуі және оның экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық салдары болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Каспий теңізінің одан әрі деградациясына жол бермеу жөніндегі Мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу туралы бастамасын атап өтті.
Қазақстан гидрологиялық және экологиялық деректер алмасуды жандандыруға, бірлескен мониторингті кеңейтуге, теңіз деңгейінің өзгеру себептері мен салдарын тереңірек зерделеуге және келісілген бейімделу шараларын әзірлеуге шақырды.
Иран тарапы Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растап, Тегеранда Тегеран конвенциясы Тараптарының жетінші конференциясын (COP7) өткізу жоспарлары туралы хабарлады.
Кездесуге қатысушылар Каспийдің бірегей экожүйесін сақтау үшін Каспий маңындағы бес мемлекеттің күш-жігерін одан әрі топтастыру қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 12 тамызда Каспий теңізі күні атап өтілуде. Бұл күг Тегеран конвенциясының - Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның күшіне енуімен байланысты. Құжат осыдан 20 жыл бұрын, 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енген болатын.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол теңіздің жағдайы бір ғана елдің емес, бүкіл өңірдің тағдырына қатысты екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 15:06 5131
Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады
Пилоттық жоба "Даму" қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады
Достарға айту
Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Пилоттық жоба "Даму" қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады.
"Бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарына қол жеткізе алады",- деп мәлім етті "Даму" қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев Үкіметте өткен кеңес барысында.
Күрделі жағдайға тап болған және мәселесін шешу үшін қайда жүгіну керектігін білмейтін кәсіпкер үшін ерекше ыңғайлы орталықтардың жұмысы "бір терезе" қағидаты бойынша құрылады. Онда "Даму" қорының филиалдары базасында барлық толғандырған мәселе бойынша кеңес алуға болады. Пилоттық жоба аясында БҚСО бес өңірде - Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ұйымдастырылады. Қыркүйектен желтоқсанға дейін созылатын пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігін бағалау жүргізіліп, жобаны еліміздің барлық өңіріне тарату туралы шешім қабылданады.
Ол қолдау орталықтарын құру кезінде "Атамекен" ҰКП проблемалық мәселелер тізілімінен 2,4 мыңнан астам ШОБ өтінішіне талдау жасалғанын, оның 600-ден астамы пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған өңірлерден келіп түскенін атап өтті.
"Бизнес өтініштерінің негізгі бөлігі қаржыландыруға қол жеткізу, берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық, өнімді өткізу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту бойынша консультациялар туралы. Сондай-ақ сұраныстардың едәуір бөлігі АӨК секторына қатысты. БҚСО дәл осы бағытта жұмыс істейді. Бұл ретте орталықтардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші өткізілген консультацияның саны емес, кәсіпкерлердің реттелген мәселелерінің үлесі болады", - деп мәлім етті Фархат Сәрсекеев.
Кеңесте орталықтарды іске қосу және жұмыс істеу тетігін пысықтау үшін мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қаржы реттеушілері мен "Даму" қоры өкілдері қатысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 09:58 7066
Каспий теңізі күні 12 тамызда атап өтілуде
Сурет: ҚР Экология министрлігі
Достарға айту
12 тамызда Каспий теңізі күні атап өтіледі. Бұл дата Тегеран конвенциясының - Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның күшіне енуімен байланысты. Құжат осыдан 20 жыл бұрын, 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігі.
Каспий теңізі күні қарсаңында "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде "Caspian Sea Action Week 2026" халықаралық волонтерлік апталығы өткізілуде. Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері - Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстанның делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты.
6 тамызда Халықаралық волонтерлік апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алғашқы екі күнде экологиялық мониторингтің заманауи технологияларына және Каспий маңы елдері жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерге арналған халықаралық семинар мен дөңгелек үстел өтті.
8 тамызда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың қатысуымен өткен "Caspian Clean Challenge" халықаралық экологиялық марафоны болды. Волонтерлер плоггинг форматында жағалау аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды жинау және сұрыптауды жүзеге асырды, сондай-ақ экологиялық бастамалар мен жасыл технологиялармен танысты. Сол күні "Каспий өңірі волонтерлерінің достық аллеясы" ашылып, онда 80-нен астам ағаш отырғызылып, болашақ ұрпаққа арналған үндеулер жазылған "Уақыт капсуласы" орналастырылды.
9 тамызда Бозжыра шатқалында "Bozzhyra Clean Up" акциясы өтті. Қатысушылар Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафтарымен танысып, табиғи аумақтың тазалығын сақтауға бағытталған экологиялық сенбілік өткізді.
10-11 тамызда "Caspian Innovation Lab" халықаралық хакатоны өтті. Оның қатысушылары Каспий өңірінің экожүйесін сақтауға бағытталған жобаларды әзірлеп, сарапшылар назарына ұсынды. Сонымен қатар TED форматында ашық микрофон ұйымдастырылып, ол экобелсенділер мен сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға және өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.
Апталықтың қорытынды іс-шарасы 12 тамызда өтетін "Caspian Talks" халықаралық волонтерлер саммиті болады. Саммит аясында халықаралық хакатон жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және тәжірибе алмасу мен өзекті экологиялық сын-қатерлерді талқылайды.
Caspian Sea Action Week 2026 Каспий теңізін сақтауға бағытталған экологиялық акцияларды, ғылыми пікірталастар мен волонтерлік жобаларды біріктірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 17:05 15006
Қазақстанда ресми қоңырауларды таңбалау енгізіледі
Достарға айту
Қазақстанда заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды міндетті түрде таңбалау енгізіледі. Мұндай қоңырау түскен кезде телефон экранында компанияның атауы көрсетіледі. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
"Жаңа заңдар аясында бизнес үшін міндетті таңбалауды енгіздік. Біздің ойымызша, бұл кибералаяқтық тәуекелін едәуір төмендетеді. Сізге қандай да бір заңды тұлға қоңырау шалғанда, нөмір контактілеріңізде сақталмаса да, экранда компанияның атауы бірден көрсетіледі", - деді Коняшкин.
Қазіргі уақытта жүйені іске қосуға қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Вице-министр оны енгізудің нақты мерзімін атаған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 16:23 16381
Тоқаев Колумбиядағы жер сілкінісінің құрбандарына байланысты көңіл айтты
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэльяға көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Колумбия президенті мен ел тұрғындарына көңіл айтты.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі салдарынан 130-дан астам адам қаза тауып, жүздеген ғимарат бүлінген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 16:09 16546
"Отбасы банкі" тұрғын үй кезегін заңсыз жылжыту дерегіне қатысты түсініктеме берді
Достарға айту
"Отбасы банкінің" екі қызметкері тұрғын үй кезегін заңсыз жылжытуға байланысты алаяқтық әрекеттер анықталғаннан кейін жұмыстан шығарылды. Банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Біздің жылдық есебімізде қызметкерлердің клиенттерге жәрдемдескені, оның ішінде тұрғын үй кезегін жылжытқаны үшін заңсыз сыйақы алған бір жағдай анықталғаны айтылған. Бұл 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында болған жалғыз жағдай еді", - деді Ләззат Ибрагимова.
Банк басшысының айтуынша, осы әрекеттің нәтижесінде кезекте тұрған адам өз санатын жеңілдігі көбірек санатқа ауыстырған.
"Ол өз санатын жеңілдігі көбірек санатқа өту үшін "Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар" санатына ауыстырған. Бұл біз 2025 жылғы тамызда жаңа ақпараттық жүйені құрғанға дейін болған", - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.
Ол бұл жағдайдың банк үшін үлкен сабақ болғанын атап өтті. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақпараттық жүйеге пайдаланушылардың барлық әрекетін көруге мүмкіндік беретін цифрлық із функциясы енгізілді.
Сонымен қатар, екі қызметкермен еңбек шарттары бұзылып, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жолданды.
"Қылмыстық іс қозғалды, қазір олар полиция басқармасының тергеуінде. Бұл өңірлік филиалдардың біріндегі қызметкерлер мен орталық аппараттың бизнес-талдаушысы жасаған алаяқтық әрекеттер туралы болып отыр... Ешқандай залал келтірілген жоқ. Бөлінген пәтерді беру рәсімі несие шартына қол қою кезеңінде тоқтатылып, кері қайтарылды. Кейін ол тұрғын үйді бөлуге қайта шығарылды", - деп сендірді "Отбасы банкінің" төрайымы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.08.2026, 09:58Каспий теңізі күні 12 тамызда атап өтілуде 12.08.2026, 15:06 5121Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады12.08.2026, 15:45 4631Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды12.08.2026, 09:14 4421Бұтақты шатқалында Алматының тау кластерін дамыту аясында жүзден астам ағашты кесу жоспарлануда12.08.2026, 11:55 4216Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
06.08.2026, 15:56 73411Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7327616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72981Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71436СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60676"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105616АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99336Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97916Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97076Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94936ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

