23.04.2021, 21:43 10826

ҰҚШҰ-ның жұмыс тобы әскери техника мен қару-жарақ ауқымындағы ғылыми зерттеулер мәселелерін қарады

Аталмыш жұмыс тобы дайындаған қорытынды құжаттар 2021 жылдың қыркүйегінде Беларусь Республикасында өтетін ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комиссияның XIX отырысында қаралатын болады.
МӘСКЕУ. 23 СӘУІР - Қазақстандық сарапшылар Мәскеу қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жұмыс тобының отырысына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ аясында қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау ауқымындағы бірінші кезектегі ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың жобасын талқылады.
 

Жұмыс тобындағылар әскери мақсаттағы өнімді әзірлеу мен жаңғыртуда бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың келешегін қарастырды. Сонымен қатат, өзекті ғылыми бағыттарды іске асыру, техникалық-экономикалық негіздеме жобаларын әзірлеу мен сериялық өнімді өткізу бойынша пікір алмасты. Отырыста сарапшылар сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қарулы күштерін жабдықтау заттарының Мемлекетаралық каталогын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларының жобасын талқылады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Аталмыш жұмыс тобы дайындаған қорытынды құжаттар 2021 жылдың қыркүйегінде Беларусь Республикасында өтетін ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комиссияның XIX отырысында қаралатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны